26.11.2019, 12:20 19084

Ақтөбе облысының Шалқар жол дистанциясының бастығы пара алғаны үшін сотталды

Ол азаматтан баласын жұмысқа орналастырғаны үшін жалпы сомасы 1 млн. 200 тыс.теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Алматы. 26 қараша. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысының Шалқар жол дистанциясының бастығы пара алғаны үшін сотталды.

Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін хабарлағандай, "ҚТЖ" АҚ филиалы Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің Шалқар жол дистанциясының бастығы А.К.Каракушиковке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілген болатын.

Ол азаматтан баласын жұмысқа орналастырғаны үшін жалпы сомасы 1 млн. 200 тыс.теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

А.ж. 21 қарашада Шалқар аудандық сотының үкімімен аталған тұлға пара алғаны үшін айыпты болып танылып, оған өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыра отырып, 36 млн. теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны