12.12.2019, 14:30 164794

Түркістан облысының Сайрам ауданы әкімдігінің әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы пара алу күдігіне ілікті

Ол азаматтан көп балалылығы бойынша жәрдемақы аудару үшін 22 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - Түркістан облысының Сайрам ауданы әкімдігінің әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы пара алу күдігіне ілікті.

Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 1424 Call-орталығына түскен хабарламаны тексеру нәтижелері бойынша Түркістан облысының Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол азаматтан көп балалылығы бойынша жәрдемақы аудару үшін 22 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Күдіктінің өз кінәсін мойындауына және сотқа дейінгі тергеуді жеделдетілген тәртіпте аяқтау туралы өтініш хатына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдікті кінәсінің деңгейі туралы соңғы шешімді сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны