27.01.2020, 18:01 9204

Шығыс Қазақстан облысының ТҮКШ және энергетика басқармасы басшысына қатысты үкім қайта қаралды

Ол ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік органдарда лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыру және мемлекеттік награда - "Құрмет" орденінен айыру туралы енгізілген ұсыныс бірге, 40 млн. теңге көлемінде айыппұлмен жазаланды.

Алматы. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысының ТҮКШ және энергетика басқармасы басшысына қатысты үкім қайта қаралды.

Ағымдағы жылдың 24 қаңтары Шығыс Қазақстан облыстық сотының аппеляциялық сот алқасының қаулысымен "Шығыс Қазақстан облысының ТҮКШ және энергетика басқармасы" ММ басшысы М.Х.Мұсатаевқа қатысты шыққан ақтау үкімі жойылды.

Ол ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік органдарда лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыру және мемлекеттік награда - "Құрмет" орденінен айыру туралы енгізілген ұсыныс бірге, 40 млн. теңге көлемінде айыппұлмен жазаланды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен М.Х.Мұсатаев азаматтан өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурстарының жеңімпазы ретінде ЖШС-ны тану мәселесін оң шешіп бердім деп жаңылыстырып, 4 млн. теңге көлемінде ақшалай қаражатты алдау жолымен иемденді деген күдікке ілінген болатын.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны