ШҚО: Жарма ауданы тұрғындарды баспанамен қамту мәселесін түбегейлі шешпек
Алматы. 1 ақпан. Kazakhstan Today - ШҚО: Жарма ауданы тұрғындарды баспанамен қамту мәселесін түбегейлі шешпек.
Жармада әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесі түбегейлі шешімін таппақ. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметовтің қатысуымен өткен Жарма ауданы әкімінің тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде айтылды.
Өткен жылы ауданда тұрғын үй кезегінде тұрған 59 жанұя баспаналы болды, оның 29-ы көпбалалылар. Биыл тағы 30 көпбалалы және 15 аз қамтылған отбасы қоныс тойын тойламақ. Жоспар бар, жұмысқа аудан билігі білек сыбана кіріскен. Аймақ басшысына құрылысы былтыр басталған аудан орталығындағы жаңа қос пәтерлі тұрғын үйлерді таныстырған аудан әкімі осы қарқынмен үй кезегін жоюды көздеп отырғанын жеткізді.
Қалбатаудың қақ ортасында бой көтерген жаңа үйлерде қоныс тойын тойлағандардың бірі - Әлібек Мұхамадиевтің жанұясы. Төрт баланы тәрбиелеп отырған отбасы көптен армандаған баспаналарына қол жеткізіп, қуаныштарымен бөлісті. - Көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіп, әлеуметтік қолдау білдірген мемлекетімізге алғыс айтамыз. Жалдамалы пәтерден жалыққан балаларымыз да өздерінің кең үйлерінде мәз-мейрам, - дейді отағасы.
Тұрғындармен тілдескен облыс әкімі алдағы құрылыста 80 шаршы метрді құрайтын пәтер мен аула аумағын ұлғайтуды тапсырды.
- Халыққа берілетін үйлер тұрмысқа өте қолайлы, сапасы жоғары болу керек. Өйткені ұзақ жылдар үй кезегінде тұрып, баспаналы болған отбасылардың үмітін ақтай білгеніміз жөн. Сондықтан құрылыс жұмысын жүргізетін фирмалар сапа жағын қадағалау керек. Және де шаруасын дөңгелетуге мүмкіндік беретіндей әрбір үйдің ауласында 10 сотық жер телімі болу қажет, - деді Даниал Ахметов.
Айта кету керек, облыста арнайы бағдарлама аясында алдағы үш жылда көпбалалы отбасыларын тұрғын үймен қамту межесі қойылған. Өткен жылдың өзінде кезекте тұрған 600-ге жуық көпбалалы жанұя баспаналы болды.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Бакуда Қазақстан мәдениетінің онкүндігі өтті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ташкентте қазақ киносының күндері өтті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Брюссельде Қазақ киносының күндері өтті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Домбыра мен сазсырнай Бельгияның Корольдік музыкалық аспаптар музейінің коллекциясына енді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды
Музыка - баршаға түсінікті әмбебап тіл. Бүгінгі концерт мәдениет арқылы халықтарымызды жақындастырып, болашақ әріптестікке берік негіз қалайтынымызды айқын көрсетті", - деп атап өтті Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті
Қазақстанның Қытайдағы достары Клубы" қазақ дипломаттары, ҚХР мемлекеттік органдары мен Орталық Азия бойынша жетекші қытай мамандары арасында тұрақты пікір алмасуға арналған сараптамалық алаң болып табылады. 2015 жылдан бері өткізілетін Клуб отырыстары өзекті ішкі саяси, экономикалық және өңірлік процестерді, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты және көпсалалы ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегін талқылауға арналған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.12.2025, 22:01Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді 15.12.2025, 23:10 181376Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 23:30 181126Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 20:37 175766Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумына қатысты17.12.2025, 11:28 145496Домбыра мен сазсырнай Бельгияның Корольдік музыкалық аспаптар музейінің коллекциясына енді
10.12.2025, 17:08 183851Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады15.12.2025, 22:01 181676Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді15.12.2025, 23:10 181376Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 23:30 181126Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 20:37 175766Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумына қатысты

