13.02.2020, 18:15 8093

Атырау облысы бойынша ҚАЖД бастығы мен бас бухгалтері қамауға алынды

Дәлелдеме базасын бекіту бойынша тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Алматы. 13 ақпан. Kazakhstan Today - ҰҚК департаментінің Атырау облысының прокуратурасымен бірлескен тексеру нәтижелеріне сәйкес бағыныштылардан 2019 жыл үшін сыйлықақы мен көтермелеу төлемдерінің бір бөлігін бірнеше мәрте алу фактісі негізінде Атырау облысы бойынша ҚАЖД УГ-157/11 түзеу мекемесінің бастығы мен бас бухгалтеріне қатысты ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 1, 2, 4-тармақтары ("Пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Атырау қ. мамандандырылған тергеу соты ұсталғандарға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Дәлелдеме базасын бекіту бойынша тергеу іс-шаралары жалғасуда.

ҚР ҚІК 201-бабы 1-бөлігіне ("Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға жол бермеу") сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ҰҚК.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны