05.03.2020, 23:13 9315

Қазақстанның Экология министрлігі тасқынды болдырмау үшін әкімдіктерді өзен арналарын тазалауға шақырады

Бұдан бұрын айтылғандай, ағымдағы жылғы алдын ала жасалған гидрологиялық болжамға сәйкес, қалыптан тыс климаттық өзгерістер мен қардың қалың түсуіне орай ылғал мөлшерінің көп болуы себепті еліміздегі бірқатар облыста су тасуы мүмкін.

Алматы. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның Экология министрлігі тасқынды болдырмау үшін әкімдіктерді өзен арналарын тазалауға шақырады.

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов бейсенбіде Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы гидротехникалық ғимараттарды аралап шықты. Атап айтқанда, вице-министр Вячеслав су қоймасы мен қайтарареттегіштің жұмысымен танысты.

Бұдан бұрын айтылғандай, ағымдағы жылғы алдын ала жасалған гидрологиялық болжамға сәйкес, қалыптан тыс климаттық өзгерістер мен қардың қалың түсуіне орай ылғал мөлшерінің көп болуы себепті еліміздегі бірқатар облыста су тасуы мүмкін.

Мұндай фактілерді болдырмау үшін Қазақстанның Экология министрлігі ТЖ органдары, жергілікті атқарушы органдар және "Қазводхоз" РМК өкілдерімен бірге барлық гидротехникалық ғимараттарды визуалды түрде тексеріп, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берді.

"Бүгін біз осы ұсыныстар мен ұйғарымдардың қалай орындалып жатқанын бақылаймыз", - деді С. Громов.

"Су тасқыны қатері болған жағдайда, гидротехникалық ғимараттарды сақтау үшін су қоймаларынан су қашырту қажет. Егер өзен аңғарларына қар толып қалса, әзірлік болмаса, тасқын қаупі өршиді. Сондықтан біз барлық жергілікті атқарушы органдарға ұсыным бердік: қай жердегі арнаны тазалау қажет, қай жерге қосымша техника керек, қай жерге кезекшілік қою керек, т.б. Жергілікті атқарушы органдардың қазіргі міндеті осы ұсыныстарды уақтында орындау", - деді вице-министр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны