03.04.2020, 16:10 4205

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметші пара алғаны үшін сотталды

Сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

Алматы. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметші пара алғаны, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және салғырттығы үшін сотталды.

Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін бірқатар сыбайлас жемқорлық және лауазымдық қылмыстар жасау фактілері бойынша "Казталов ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" ММ бас маманы А.Г.Гизатуллинге қатысты қылмыстық істі өндіріспен аяқтады.

Ол 2018 жылы ауданның шаруа қожалықтарына жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын жасауға және мал шаруашылығы қожалықтарын сумен қамтамасыз етуге шығындарды өтеу бойынша кедергісіз субсидия алуға жәрдемдесу үшін шаруа қожалықтарының басшыларынан жалпы сомасы 390 мың теңге пара алуда, салғырттығы мен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануда күдікті болды.

А.ж. 30 наурызда Гизатуллин БҚО Казталов аудандық сотының үкімімен 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды.

Сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны