25.05.2020, 18:44 60181

Әскерилер ҰОС қатысушысының сүйектерін туыстарына табыстады

2020 жылдың 9 мамырында әскери бортпен сарбаздың сүйектері Нұр-Сұлтан қаласындағы авиациялық базаға жеткізілді.

Алматы. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Әскерилер ҰОС қатысушысының сүйектерін туыстарына табыстады.

1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарында Ресей Федерациясының Смоленск облысының аумағында қаза тапқан қазақстандық жауынгер Медет Аманжоловтың сүйектерін туыстарына беру рәсімі Елордалық авиациялық базада өтті.

Солдаттың сүйектері сәуір айының басында Смоленск облысының Темкин ауданында іздеу-барлау экспедициясын өткізу кезінде табылды. Сақталып қалған мойынтұмарының арқасында жауынгердің есімі анықталды.

2020 жылдың 9 мамырында әскери бортпен сарбаздың сүйектері Нұр-Сұлтан қаласындағы авиациялық базаға жеткізілді.

Қазақстан Қарулы Күштері әскери басшылығының, Қазақстандағы Ресей елшілігі қызметкерлерінің және авиабазаның жеке құрамының қатысуымен әскери рәсімдерді сақтай отырып, мәйіттерді одан әрі қайта жерлеу үшін туыстарына тапсырды.

"Бүгін біз ұрыс даласынан оралмаған сарбаздарға тағзым етіп, жерлестеріміз Медет Аманжоловтың сүйектерін еліне 78 жылдан кейін туған-туыстарына табыстауға жиналдық. Сол уақытта Қазақстанда 12атқыштар, 4кавалериялық дивизиялар, 7бригада,50полк құрылған болатын.Сол соғыстың сарбаздарының ерлігін біздің балаларымыз,немерелеріміз мәңгі естерінде сақтп,кейінгі ұрпаққа оларды естен шығармауларына ықпал етуіміз керек. Есімізден шығармаған сайын, олардың есімдері тірі", - деді ҚР ҚК Әуе қорүаныс күштері бас қолбасшысының орынбасары полковник Әлім Ыбыраев.

Медет Аманжолов Қарағанды облысы Шет ауданы Жастерек ауылының тумасы.Соғыс алдында ол әскерге шақырылып,1941жылы 24жасында майданға бірден аттанды.Оның соңғы қызмет орны 125-ші жеке атқыштар бригадасының жеке барлау ротасы еді.

Сарбаздың туыстары әлі де сол Шет ауылында тұрып жатыр.1942 жылы оның отбасына Смоленс қаласын қорғау кезінде Медет Аманжоловтың қаза болғаны туралы хабар алады.Көп жылдар бойы оның ұрпақтары оның жерленген жерін іздестіріп таба алмаған,бірақ 78жыл өткеннен кейін олар батыр бабаларын оның туған жерінде жерлеулеріне мүмкіндік туды.

"Бізге кенеттен қоңырау шалып, оның табылғанын хабарлады. Біз таңқалғанымыз сонша, тіпті ештеңе айта алмадық. Содан кейін бізге елшілік пен әскерилер көмек көрсетті. Біз өте ризамыз және үлкен рахмет айтамыз! Қазір біз оны туған жеріне апарамыз. Әр адамның үміті бар. Оған әрқашан сену керек және ол міндетті түрде орындалады!", - деп ойымен бөлісті табылған сарбаздың немересі Мұрат Аманжолов.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны