28.05.2020, 16:04 7340

Алакөл туристерді қабылдауға дайын

Әдетте 15 маусымнан басталатын туристік маусым осы жылы Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік Бас санитар дәрігері Марат Исмаиловтың рұқсатын алғаннан кейін ашылады

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Алакөл туристерді қабылдауға дайын.

Жолдамаларды брондау мен сату басталды. Шығыс жағалауының инфрақұрылымын жетілдіру үшін, сондай-ақ автомобиль жолдарын жөндеуге Шығыс Қазақстан облысы бюджетінен 6 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалды. Барлық әуе, теміржол мен автобус жолдарының дестинация бағыты толық көлемде жаңартылды, жол ақысының тарифін мемлекет қаражаттандырады. Әдетте 15 маусымнан басталатын туристік маусым осы жылы Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік Бас санитар дәрігері Марат Исмаиловтың рұқсатын алғаннан кейін ашылады.

Шығыс жағалауда 11 552 жатын орны бар демалушыларға арналған 176 орын іске қосылған. Олардың барлығы онлайн брондауға дайын. Бір адамға тұру бағасы шамамен 2600 - 10 500 тг.

Шығыс Қазақстан облысы Әкімшіліктің туризмді баскару жетекшісі Марат Қабақовтың айтуынша, Алакөлде жағалауды дамыту бойынша үлкен жұмыстар атқарылды, бұл бірегей табиғи және емдік қасиеттерінің үйлесуі дестинацияны Қазақстанның ең үздік шипажайларының бірі деп бағалауға болады, ал болашақта - барлық Еуразия аумағының.

Марат Қабақов:

Біз алғаш рет Республика, сонымен қатар облыс көлемінде санитар дәрігердің қаулысымен туристерді орналастыру нысандарының жұмыстары реттелген пандемия жағдайында жұмыс істейміз. Туристік бизнестің барлық субъектілері бұл жағдайдың тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде орын алғанын түсінеді, сондықтан карантиндік шаралардан шаршаған қазақстандықтардың демалысы жоғары деңгейде болуы үшін бар мүмкіндікті жасайды.

Алакөл көлінің Шығыс жағалауының барлық демалыс базасында жеке қорғаныс заттары бар (медициналық бір реттік бетперделер, бір реттік стерилденбеген қолғаптар), зарарсыздандыру заттары, оның ішінде қолды жууға арналған антисептиктер, сондай-ақ температураны өлшеуге арналған байланыссыз термометрлер. ЖҚҚ жеке қоры демалушылардың өздерінде де болуы керек.

Туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысы Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік Бас санитар дәрігерінің 21 мамыр 2020 жылғы №10 қаулысымен реттелген.

Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік Бас санитар дәрігері Марат Исмаиловтың берген ақпараты бойынша ШҚО-да коронавирустың таралу деңгейі Қазақстанда ең төмен көрсеткішті көрсетеді, демалушыларға шамадан тыс артық талаптар қойылмайды.

Марат Исмаилов:

Семей мен Өскемен қалаларының әуежайына келген барлық жолаушылар COVID-19 экспресс-сынақтамасын тапсыратын болады. Әуежайларда, теміржол мен автовокзалдарда міндетті түрде медициналық бетпердені киіп, арақашықтықты сақтап, санитайзерлерді қолдану керек. Бұдан басқа, келетін және кететін жолаушылар үшін жеке дәліздер жұмыс істейді, әуежай мен вокзал ғимараттарында жолаушыларды шығарып салуға тыйым салынады.

Алакөлдің туристік индустрия субъектілері жоғары деңгейдегі қызметті ұсынумен қатар, бөлме мен аумақтарды қосымша зарарсыздандыру жұмыстарын, қызметкерлер мен қонақтар үшін жеке қорғаныс заттарымен, тамақтанудың арнайы тәртібімен қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, Алакөл дестинациясының туристік операторлары коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты демалыстан бас тартқан жағдайда немесе демалысты үзген жағдайда қаражатты қайтаруға дайын.

Arasan Alakol Resort Hotel және "Інжу" демалыс кешендерінің иесі Елена Асылбекованың айтуынша, Алакөлдің Шығыс жағалауындағы туристік нысандардың басым бөлігі санитар дәрігерлердің жаңа талаптарына бейімделген және алдағы туристік маусымның сәтті өтетініне сенімді.

Елена Асылбекова

Егер мейрамханаларда бірнеше қонақтардың болуына шектеу қою тәртібі сақталса, біз кесте бойынша демалушылардың тамағын ұйымдастыруға, жуатын емес, зарарсыздандыратын заттарды қолданып жинастырудың арнайы тәртібіне дайынбыз. Жеке қаражат айналымын шектеуге қатысты келетін болсақ, Алакөл - бұл қолма-қолсыз есептесу аймағы, мұнда барлық кәсіпкерлерде есептесуге арналған терминалдар бар. Біз туристік қызмет көрсету бағасын өткен жылдың күзінен бері ауыстырған жоқпыз және демалушыларға өте жоғары деңгейде қызмет көрсетуге дайынбыз. Ал қалғандарын көптеген ауруларды емдеуге қабілетті және иммунитетті нығайтуға көмектесетін Алакөлдің емдік суы мен батпағы жасайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны