05.06.2020, 13:44 8186

Атырау облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшысы пара алуда күдікке ілінді

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan Today - Атырау облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшысы пара алуда күдікке ілінді.

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігі Көлік комитетінің Атырау облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол 2019 жылғы 25 қазанда кәсіпкерден жүк тасымалына рұқсат беру және жалпы қамқорлығы үшін 150 000 теңге көлемінде пара алған.

Сонымен қатар, Инспекция басшысы 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін белгіленген тыйымға қарамастан, жақын туысының атына тіркелген арнайы автотехниканы жалға беру бойынша қызмет көрсету саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісін басқаруға қатысқандығы анықталды, сондай-ақ бұл жеке кәсіпкерге жеңілдіктер мен қамқорлық көрсеткен.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны