31.07.2020, 22:44 9658

Қарағанды облысы аумағында Құрбан айт рәсімін өткізу бойынша бірқатар іс-шаралар пысықталды

Биылғы жылы карантин жағдайында Қарағанды облысы аумағында Құрбан айт рәсімін өткізу бойынша бірқатар іс-шаралар пысықталды.

Алматы. 31 шілде. Kazakhstan Today - Биылғы жылы карантин жағдайында Қарағанды облысы аумағында Құрбан айт рәсімін өткізу бойынша бірқатар іс-шаралар пысықталды.

Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 32-қ "Қарағанды облысы аумағында Құрбан айт мерекесі күндері короновирустық инфекциясының таралуына ықпал етуші іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы" қаулысы қабылданып, осы қаулыға сәйкес іс-шаралар қабылданды.

Облыс аумағында 243 мешіт қызметін атқарады. Қалалық әкімдіктер мен мешіт өкілдері арасындағы келісім бойынша мал соятын орындарды дайындау және қажетті құралдармен жабдықтау жұмыстары пысықталды, сондай-ақ бекітілмеген орындарда құрбандықты шалуға жол бермеу туралы тапсырмалар әкімдіктердің ерекше бақылауына алынды.

Облысымыздағы барлық қалалар мен аудандарда 18 мал сою орындары анықталды (мал етін сақтайтын тоңазытқыштар -51, мал етін тарататын көліктер - 79, мал етін таратататын волонтерлер - 238, қасапшылар - 93), тиісті жауапты мамандар бекітілді (полиция, ветеринария қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер). Жұмыстар көрсетілген алгоритм бойынша жүріп жатыр .

Бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен брифинг өткізіліп, тұрғындар арасында ауқымды түсіндіру жұмыстары жасалынды. Облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің, Облыстық орталық мешітінің бас имамы Бекқожа Ө. қатысуымен "Saryarqa" телеарнасында "Құрбан айт" мерекесін өткізуіне байланысты брифинг өткізілді, сонымен қатар "Первый Карагандинский", "5 канал", "Life 09" телеарналарында сұхбат берілді. Онлайн түрдегі құрбан шалу туралы арнайы роликтер мен ақпараттық инфографикалар халық арасында кеңінен таратылды. Әлеуметтік желілер арқылы мешіт имамдары мен ақсақалдар биылғы жылы "Құрбан айт" құрбандық шалудың ерекше рәсімінің тәртібі туралы түсініктемелері жарияланды (98 публикация).

Бүгінгі күні "Qurban2020.muftyat.kz" арнайы сайтына 240 тапсырыс келіп түсті (оның ішінде 140 төлем жасалды), сондай-ақ мұқтаж жандардың 358 өтініші қабылданды.

Ағымдағы жылдың 31 шілде жағдайы бойынша облыс бойынша діни ахуал тұрақты.

1439 мал (69 сиыр, 1370 қой) құрбандыққа шалынды, қазіргі уақытта мал еті 3230 мұқтаж отбасыларға таратылды, сонымен қатар жалпы 4 млн. 211 мың теңге сомасына азық-түлік қоржындары табысталды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны