13.08.2020, 15:23 6520

Есірткі тасымалдаумен айналысқан топ құрықталды

25-35 жас аралығындағы адамдар кірген бұл топ аса ірі мөлшерде есірткі заттарын тасымалдаумен және сатумен айналысқан.

Алматы. 13 тамыз. Kazakhstan Today - Есірткі тасымалдаумен айналысқан топ құрықталды.

Ағымдағы жылдың 13 тамызында ІІМ Криминалдық полиция департаментінің және Нұр-Сұлтан қаласы ПД-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құрамында Қызылорда облысының үш тұрғыны бар қылмыстық топтың жолын кесті.

25-35 жас аралығындағы адамдар кірген бұл топ аса ірі мөлшерде есірткі заттарын тасымалдаумен және сатумен айналысқан.

Қылмыстық топ есірткі заттарын республиканың оңтүстік өңірлерінен алып келіп, делдалдар арқылы Нұр-Сұлтан қаласында сатқаны анықталды. Осылайша, олар өсімдік тектес есірткі құралдарын өткізу арнасын ұйымдастырған.

Ұсталған кезде аталған топтан 4 кг-нан астам есірткі заты тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар "марихуана" болып табылады. Тәркіленген заттардың құны 7 миллион теңгеден асады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігі бойынша (есірткі заттарды және олардың аналогтарын ірі мөлшерде заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұсталған күдіктілер Нұр-Сұлтан қаласы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды,- деді ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны