22.09.2020, 21:34 5549

Биылғы жыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толып отыр

Атап айтар болсақ, "30 жылдыққа - 30 шара" жобасы аясында әрбір өкілдік бойынша бір мұқтаж отбасыға баспана алып беріп, жергілікті елдімекендерге құдық, көпір секілді көпке пайдасы тиетін нысандар салынды. Сондай іргелі шаралардың бірі - республика бойынша 23 қыркүйек күні бір мезетте 30 000 түп ағаш отырғызу шарасы.

Алматы. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Биылғы жыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Айтулы мерейтойға байланысты Діни басқарма тарапынан республикалық деңгейде түрлі шаралар ұйымдастырылып, атаулы датаға орай ел игілігіне жарайтын іргелі істер атқарылып жатыр.

Атап айтар болсақ, "30 жылдыққа - 30 шара" жобасы аясында әрбір өкілдік бойынша бір мұқтаж отбасыға баспана алып беріп, жергілікті елдімекендерге құдық, көпір секілді көпке пайдасы тиетін нысандар салынды.

Сондай іргелі шаралардың бірі - республика бойынша 23 қыркүйек күні бір мезетте 30 000 түп ағаш отырғызу шарасы. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ұйымдастырылған шара аясында еліміздің әр өкілдігі табиғатты аялап, өз қалаларын абаттандыруға белсене үлес қосатын болады.

Аталмыш жоба аясында ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі бойынша 300 түп ағаш отырғызылатын болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны