Журналистердің салалық кәсіподағы құрылды
Алматы. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Журналистердің салалық кәсіподағы құрылды.
Қазақстанда Бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің "BAQ KASIPODAQ" салалық кәсіподағы" құрылды. Бұл туралы ZOOM платформасында ұйымдастырылған бейнеконференцияда айтылды. Конференцияға қазақ телевизиясында ұзақ жылдар еңбек еткен белгілі журналистер Арман Сқабылұлы, Махат Садық, Қымбат Досжан, Зейін Әліпбек, "Astana Tv" телеарнасының Бас директоры Құрманбек Жұмағали, "Хабар 24" телеарнасының директоры Ольга Цой мен "Медиа дамыту қоры" корпоративтік қорының Бас директоры Евгений Кочетов, "Айқын" газетінің бас редакторы Нұрмұхаммед Байғараев, Журналист, "IBalaqai" жобасының продюсері әрі жүргізушісі Махаббат Есен және өзге де журналистер және БАҚ саласының медиаменеджерлері қатысты.
Журналистердің салалық кәсіподағы отандық БАҚ саласының дамуы, тілшілер қауымының қоғамдағы ықпалы мен рөлінің артуына, мәртебесінің көтерілуіне күш салады. Ұйым төрағасы ретінде журналистикада 30 жылдық тәжірибесі бар, көрермен көзайымына айналған белгілі тележүргізуші Зейін Әліпбек ұсынылып, салаға жетекшілік ететін болды. Өз сөзінде конференция модераторы, "Astana Tv" телеарнасының Бас директоры Құрманбек Жұмағали: "Өкінішке қарай, журналист қауымның кәсіби жұмысы көбіне еленбей, көлеңкеде қалып жатады. Кейде, әріптестеріміз қызметтік міндетін орындау кезінде түрлі кедергілерге тап болатынын да көріп жүрміз. Сондықтан, журналистердің құқықтық, әлеуметтік мәртебесін көтеруге барынша күш салуымыз керек. Бұл мәселемен жүйелі түрде айналысатын бізге БАҚ қызметкерлерінің одағын құру қажеттілігі туып отыр" - деп атап өтті онлайн кездесуде.
Салалық кәсіподақ басшысы Зейін Әліпбек құрылымның жоспары мен алдағы бағыттары туралы жан-жақты баяндап берді. "Алда журналистердің әлеуметтік-құқықтық жағдайын жақсартуды көздейтін көптеген шаруалар, игі бастамалар тұр. Әсіресе, журналисттердің шеберлігін шыңдап, кәсіби өсуіне бағытталған және қазақстандық БАҚ-тың әлеуетін күшейтуге арналған ілкімді жобалар бар. Оны тек қана кәсіподақ атқарады деуге болмайды. Оның барлығына сіздермен, құрметті әріптестер, бірлесе отырып қана қол жеткізе аламыз" деп атап өтті, Зейін Әліпбек.
Конференция барысында БАҚ басшылары мен журналистер кәсіподақтың құрылуын дер кезінде қолға алынған бастама деп бағалап, жүйелі жұмыс істеп, табысты нәтижелерге қол жеткізеді деген сенімін білдірді.
Айта кету керек, 2020 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 3669 БАҚ тіркелген. Барлығы 2964 мерзімді басылым, 161 телеарна, 73 радио, 471 ақпараттық агенттік және желілік басылым бар.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Алматыда 27 сәуірде жаппай алма ағаштары отырғызылады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда жаңа жағалау салынуда
Қарғалы" жобасы: Алматыда өзен жағасында ыңғайлы демалыс аймағы пайда болады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқаны туралы барлық ақпарат https://www.almaty.kz/ сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ, веб-сайтқа қала бойынша баннерлерде, плакаттарда арнайы орналастырылған QR-код арқылы да кіруге болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
"Алматы - бақ қала": мегаполисте жаңа алма бақтары пайда болады
Алматы - бақ қала" акциясы аясында осы жылдың 27 сәуірінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін "Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқанының аясында жасыл желек егумен қатар, жаппай алма ағаштары отырғызылады. 7705 жасыл желек, оның ішінде 4015 жеміс (3855 алма ағашы) және 1090 жапырақты ағаш, 2600 бұта (сәнтал, ырғай, қабыржық, қаржеміс және т.б.) отырғызылады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Алматы - бақ қала" жалпықалалық акциясына қатысуға Алматының барлық тұрғыны мен қонағы шақырылады. Акция барысында шығармашылық байқаулар (таңертеңгілік жаттығу, би флешмобы, йога, викторина, шеберлік дәрісі және т.б.) өткізу көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады
Қазгидромет" РМК болжауынша:
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда жылу желілерін жөндеу кезінде Батыс Желтоқсан көшесі бойынша жол жүру ішінара шектеледі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша МӘСҚ-тен 840 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Елімізде екі апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасы төмендеуде
Еліміздің сегіз өңірінде ӘМАТ-тың орташа баға индексі төмендегені байқалып отыр, оның алтауында нөлге тең. Ақтөбе облысында (0,8%-ға), Маңғыстау, БҚО (0,2%-ға), Атырау, Қарағанды және Абай облыстарында (0,1%-ға) бағаның біршама көтерілуі тіркелген", - деп атап өтті сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.
Алдын ала есептеулер бойынша, өңірлерде 130 сауда нысаны зардап шегіп, Павлодар облысының бір кәсіпкеріне келтірілген шығын өтелді. Қалғандары бойынша шығынның мөлшерін анықтау жұмыстары жүргізілуде, Петропавлға Көкшетау, Астана, Қарағанды және Омбы қалаларынан ауыз су жеткізу жұмыстары ұйымдастырылды. Тәулік бойы ауыз су құю туралы келісімге "Көкшетауминсу" мекемесімен қол жеткізілді. Қазіргі таңда Петропавл қаласының барлық дүкендері мен қоймалары сумен қамтылған", - деді Айжан Бижанова.
БҚО-дағы азық-түлік қорлары бар қойманы су басу қаупі аз болса да, қауіпсіз орын тауып, азық-түлікті әкету керек. Аздаған қауіп байқалған барлық өңірлерде азық-түлік өнімдері қауіпсіз жерге жеткізілуі тиіс", - деп мәлімдеді вице-премьер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда жыл сайынғы жылу желілерін сынау өткізіледі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
26.04.2024, 13:36Су тасқынынан кейін 12 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды 26.04.2024, 17:09 8641Алматыдағы рекреациялық аймаққа 230 гектарға жуық жер қайтарылды26.04.2024, 13:42 8266Алматыда жаңа жағалау салынуда26.04.2024, 17:25 7916"Бәйтерек" көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды рекордтық 300 млрд теңгеге арттырады26.04.2024, 11:58 6621Шығын - миллиард теңге: Астанада ҰҚТ қатысты үкім шықты
19.04.2024, 11:11 98636Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге үкімет қандай көмек көрсетеді19.04.2024, 18:42 94991Көлік прокуратурасы 900-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғады19.04.2024, 18:27 92606Қазақстанның барлық әуежайында жолаушылар биометриясын енгізу жоспарланып отыр19.04.2024, 18:23 91231Қонаев қаласының әкімі тағайындалды19.04.2024, 18:20 91176Қазақстанда вейпке тыйым салынады: Тоқаев заңға қол қойды
04.04.2024, 16:35 121721Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды04.04.2024, 16:30 121416Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады18.04.2024, 12:51 107906"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес04.04.2024, 16:25 106286Тоқаев су тасқыны туралы: бұл бұрын-соңды болмаған табиғи апат18.04.2024, 16:22 103861Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді