Бірқатар емханалардың басшылығына медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу мәселелері бойынша ескерту жасалды
Алматы. 1 қазан. Kazakhstan Today - Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров бірқатар емханалардың басшылығына медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу мәселелері бойынша ескерту жасады.
Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров медициналық мекемелердің басшылығымен эпидемияға қарсы шараларға жұмылдырылған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне жалақыға үстемақы төлеу мәселелері бойынша жұмыс жиналысын өткізді.
Оған қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы К.Надыров, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы - бас мемлекеттік санитар дәрігер Ж. Бекшин, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" ШЖҚ РМК Алматы қалалық филиалының басшысы Г. Ысқақова, сондай-ақ қаланың медициналық мекемелерінің бас дәрігерлері қатысты.
Медициналық қызметкерлер арасында жұқтыру жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерге ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта тиісті төлемдер жүргізілуде, сонымен бірге қажетті құжаттарды кешіктіру немесе дұрыс ресімдемеу мәселелері бар.
Осыған байланысты, Ержан Бабақұмаров осындай дұрыс істелмеген жұмыстары үшін емханалардың басшыларына, атап айтқанда, № 1 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері - Э. Қалиевке, №7 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері - М. Рамазановқа, Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері - Н. Табынбаевқа, Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аутрулар ауруханасы - Е. Сералинге, қалалық жедел көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері - А. Джувашевке, Қалалық паллиативтік көмек орталығының бас дәрігері - Э. Затыбековаға, фтизиопульмонология Ұлттық ғылыми орталығы - М.Әденовке, №1 көпсалалы медициналық орталық-Ж.Сәпиеваға ескерту жасады.
Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасына пандемиямен күреске жұмылдырылған медициналық мекемелердің қызметкерлеріне тиесілі барлық төлемдерді толық және уақтылы жүзеге асыру үшін тиісті құжаттарды енгізу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Сонымен қатар, ай сайын нақты жұмыс істеген сағаттар бойынша медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне қауіп топтары бойынша үстемеақылар төленеді. Алматы қаласы бойынша COVID-19-ға қарсы күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған ұйымдардың қызметкерлеріне үстемақы төлеуге арналған сома осы жылдың наурыз айынан бастап 6 ай ішінде 11 млрд теңгеден астам соманы құрады. Айлар бойынша төлемдер сомасы:
- наурызда 3 766 медицина қызметкері 1,2 млрд теңге сомаға;
- сәуір айында 5 474 медицина қызметкері 1,5 млрд теңге сомаға;
- мамыр айында 5 043 медицина қызметкері 1,5 млрд теңге сомаға;
- маусым айында 5 432 медицина қызметкері 1,8 млрд теңге сомаға;
- Шілдеде 7 541 медицина қызметкері 2,7 млрд теңге сомаға;
- тамыз айында сомасы 2,6 млрд теңгеге 6 623 медицина қызметкеріне төлем берілді.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Алматыда 27 сәуірде жаппай алма ағаштары отырғызылады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда жаңа жағалау салынуда
Қарғалы" жобасы: Алматыда өзен жағасында ыңғайлы демалыс аймағы пайда болады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқаны туралы барлық ақпарат https://www.almaty.kz/ сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ, веб-сайтқа қала бойынша баннерлерде, плакаттарда арнайы орналастырылған QR-код арқылы да кіруге болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
"Алматы - бақ қала": мегаполисте жаңа алма бақтары пайда болады
Алматы - бақ қала" акциясы аясында осы жылдың 27 сәуірінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін "Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқанының аясында жасыл желек егумен қатар, жаппай алма ағаштары отырғызылады. 7705 жасыл желек, оның ішінде 4015 жеміс (3855 алма ағашы) және 1090 жапырақты ағаш, 2600 бұта (сәнтал, ырғай, қабыржық, қаржеміс және т.б.) отырғызылады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Алматы - бақ қала" жалпықалалық акциясына қатысуға Алматының барлық тұрғыны мен қонағы шақырылады. Акция барысында шығармашылық байқаулар (таңертеңгілік жаттығу, би флешмобы, йога, викторина, шеберлік дәрісі және т.б.) өткізу көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады
Қазгидромет" РМК болжауынша:
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда жылу желілерін жөндеу кезінде Батыс Желтоқсан көшесі бойынша жол жүру ішінара шектеледі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша МӘСҚ-тен 840 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Елімізде екі апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасы төмендеуде
Еліміздің сегіз өңірінде ӘМАТ-тың орташа баға индексі төмендегені байқалып отыр, оның алтауында нөлге тең. Ақтөбе облысында (0,8%-ға), Маңғыстау, БҚО (0,2%-ға), Атырау, Қарағанды және Абай облыстарында (0,1%-ға) бағаның біршама көтерілуі тіркелген", - деп атап өтті сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.
Алдын ала есептеулер бойынша, өңірлерде 130 сауда нысаны зардап шегіп, Павлодар облысының бір кәсіпкеріне келтірілген шығын өтелді. Қалғандары бойынша шығынның мөлшерін анықтау жұмыстары жүргізілуде, Петропавлға Көкшетау, Астана, Қарағанды және Омбы қалаларынан ауыз су жеткізу жұмыстары ұйымдастырылды. Тәулік бойы ауыз су құю туралы келісімге "Көкшетауминсу" мекемесімен қол жеткізілді. Қазіргі таңда Петропавл қаласының барлық дүкендері мен қоймалары сумен қамтылған", - деді Айжан Бижанова.
БҚО-дағы азық-түлік қорлары бар қойманы су басу қаупі аз болса да, қауіпсіз орын тауып, азық-түлікті әкету керек. Аздаған қауіп байқалған барлық өңірлерде азық-түлік өнімдері қауіпсіз жерге жеткізілуі тиіс", - деп мәлімдеді вице-премьер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда жыл сайынғы жылу желілерін сынау өткізіледі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
26.04.2024, 13:36Су тасқынынан кейін 12 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды 26.04.2024, 17:09 14306Алматыдағы рекреациялық аймаққа 230 гектарға жуық жер қайтарылды26.04.2024, 17:25 13581"Бәйтерек" көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды рекордтық 300 млрд теңгеге арттырады26.04.2024, 13:42 11946Алматыда жаңа жағалау салынуда26.04.2024, 17:23 8371Алматыда 27 сәуірде жаппай алма ағаштары отырғызылады
24.04.2024, 18:04 86486Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады24.04.2024, 18:12 86221Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:17 86216Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 10:36 84681Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады24.04.2024, 10:30 80551Есірткі саудасының 50 пайыздан астамы Астана, Алматы және Алматы облыстарына тиесілі - ҚМА
04.04.2024, 16:35 121731Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды04.04.2024, 16:30 121426Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады18.04.2024, 12:51 107916"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес04.04.2024, 16:25 106296Тоқаев су тасқыны туралы: бұл бұрын-соңды болмаған табиғи апат18.04.2024, 16:22 103871Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді