20.01.2021, 18:43 10090

Мәжілісмен Қазақстандағы ең төменгі жалақыға наразы болды

Номиналды түрде ең төменгі еңбекақы Қазақстанда өзгерген жоқ және 42 500 теңгеге тең, бірақ сақтандыру жарналарының өсуіне байланысты нақты жалақы өткен жылдан бастап азайды және енді 37 400 теңгені құрайды.
Нұр-Сұлтан. 20 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Айбек Паяев Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшеріне наразы болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.
 
Қазақстанның Халық партиясынан сайланған мәжілісмен 2021 жылдың басындағы жағдай бойынша Picodi халықаралық сервисінің сарапшылары Қазақстандағы жалақы көлемі әлемдегі 56 елдің ішіндегі ең төменгі жалақының бірі деп белгілегенін атап өтті.
 

Қазақстан Республикасы сақтандыру жарналарының өсуіне байланысты ең төменгі жалақы мөлшері 2020 жылмен салыстырғанда азайған жалғыз ел болып отыр. Бізден кейін тек Нигерия мен Өзбекстан", - деді мәжілісмен.

 
Номиналды түрде ең төменгі еңбекақы Қазақстанда өзгерген жоқ және 42 500 теңгеге тең, бірақ сақтандыру жарналарының өсуіне байланысты нақты жалақы өткен жылдан бастап азайды және енді 37 400 теңгені құрайды (2020 жылмен салыстырғанда -1,1%). 
 
Сонымен қатар Украинада ең төменгі жалақы 27%-ға, Польшада - 9,8%-ға, Беларусьте- 6,7%-ға, ал Ресейде - 5,5%- ға өсті.
 
Паяев, сондай-ақ, өткен жылмен салыстырғанда Қазақстанда азық-түлік себетінің құны 14%-ға өскенін атап өтті. Азық-түлік себеті келесі тағамдардан тұрады: нан, сүт, жұмыртқа, күріш, ірімшік, ет, жемістер мен көкөністер. 
 

2021 жылдың басында қазақстандық үшін мұндай азық-түлік себетінің құны 25 280 теңгені құрайды, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 13,87%-ға артық. Бұдан келіп шығатыны, Қазақстанда ең төменгі жалақы алатын азаматтардың жағдайы нашарлаған. Ал қазақстандықтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін ең төменгі жалақы орташа жалақымен ғана емес, отбасының жұмыс істемейтін мүшелерінің болу мүмкіндігін ескере отырып, міндетті түрде өмірдің нақты құнымен де байланысты болуға тиіс", - деп толықтырды депутат.

 
Мәжілісмен Премьер-министрдің атына бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы ең төменгі жалақы деңгейін арттыру үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын; әлемдік стандарттарға сәйкес азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын нақты шығыстарды көрсете отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу әдістемесін өзгерту жоспарланып отырғанын; халықаралық өлшемдер мен қазақстандық қоғамның сұраныстарына сәйкес Қазақстан Республикасында өмір сүру сапасы мен деңгейінің әлеуметтік стандарттарын әзірлеу жоспарланып отырғанын сұрап сауал жолдады.
 
Қазақстан Picodi мәліметтері бойынша ең төменгі жалақының рейтингіне енді. Анти-рейтингтегі бірінші орынды Өзбекстан басқарды, мұнда ең төменгі жалақы $57 құрайды (23 мың теңге). Екінші орында - Нигерия, $71 (29 мың теңге). Үшінші орында Қазақстан, $ 88 (36 872 теңге) тұр.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны