21.01.2021, 20:12 10312

Қарағанды жылу электр орталықтарында шығарындыларды азайту жұмысы күшейеді

Ауаға шығарындыларды одан әрі азайта түсу үшін энергоорталық техникалық мүмкіндікті қарастыруы тиіс. Сонымен бірге жаңа күл қазандығы (золоотвал) салынуы керек.
Қарағанды. 21 қаңтар. Kazakhstan Today - Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қарағанды ЖЭО-да ластаушы заттарды азайту бойынша үздіксіз шаралар қабылдауды жалғастыруды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Караганда Энергоцентр" ЖШС-Қарағанды облысы үшін жылу және электр энергиясының негізгі өндірушісі болып саналады.

 

"Караганда Энергоцентр" ЖШС 2020 жылы қоршаған ортаға 39 мың тонна лас шығарындылар шығарған", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

 
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі өңірге жұмыс сапары барысында кәсіпорынның ауаны ластауды азайтуға бағытталған шараларымен танысты.
 
Қарағанды ЖЭО-1 және ЖЭО-3 жыл сайын 3 миллион тоннадан астам көмір жағады.
 

Жылу электр орталықтары атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын азайту мақсатында 2013-2016 жылдар кезеңінде күлтұтқыш қондырғыларын қайта жаңартқан. Бұл энергия өндірісінің ұлғаюымен атмосфераға шығарындылардың шоғырлануын 76% - ға азайтуға мүмкіндік берді", - дейді экологтар.

 
Сонымен қатар, 2013-2014 жж. кезеңінде Қарағанды ЖЭО-3-те атмосфераға ластаушы заттар шоғырлануының шығарындыларына мониторинг жүргізу үшін нақты уақыт режимінде бақылауға болатын стационарлық газоаналитикалық кешен орнатылды.
 

Дегенмен ауаға шығарындыларды одан әрі азайта түсу үшін энергоорталық техникалық мүмкіндікті қарастыруы тиіс. Сонымен бірге жаңа күл қазандығы (золоотвал) салынуы керек", - деп қорытындылады Экология министрлігі.

 
Естеріңізге сала кетейік, Экология министрлігінің басшысы Қарағандыны ауаның ластану деңгейі жоғары қалалар қатарына жатқызды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны