19.09.2022, 17:56 12441
Алаяқтар мүлік пен көлік құралдарына салық төлеу туралы ұсыныспен жалған хабарламалар жіберуде - МКК
Достарға айту
Хабарламаны тапсырудың қолданыстағы тәртібіне – хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы, салық төлеушінің жеке кабинетіне электрондық тәсілмен, мобильдік қосымша арқылы электрондық тәсілмен жіберу кіреді", - деп еске алды комитетте.
Хабарламаның фейк екенін қалай анықтаймыз?
Мыналарға назар аударыңыз:
- хабарламаны жіберушінің қате көрсету, мысалы "ҚР салықтары" АҚ";
- мүлік салығын дұрыс төлеген кезде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Мемлекеттік кірістер басқармасы көрсетілуі керек, мүлік салығы - жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша, ал көлік салығы – салық төлеушінің тұрғылықты жері бойынша көрсетіледі;
- салықтарды төлеудің белгіленген мерзімдері бар: көлік салығы бойынша – 1 сәуірден кешіктірмей, мүлік салығы бойынша – 1 қазаннан кешіктірмей. Тиісінше хабарламалар осы мерзімге дейін әрбір салық бойынша жіберіледі.
Есте сақтаңыз:
- есептелген салық сомасын "kgd.gov.kz" сайтында және "E-salyq Azamat" мобильді қосымшасында "Алдағы төлемдер" сервисінен, сондай-ақ банктердің Homebank және Kaspi.kz (мемлекеттік қызметтер – салық – көлік және мүлік салығы- ЖСН теру) мобильді қосымшаларында білуге болады;
- салық бойынша берешектің бар не жоқ екенін "e-Salyq Azamat" (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы>Электрондық сервистер>Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі>ЖСН енгізу арқылы тексеруге болады.
Салық органының барлық есептеулері және төленген салық сомалары салық төлеушінің дербес шотында көрсетіледі. Осыған байланысты, анықтамалық ақпарат алу үшін жеке тұлғалар Бірыңғай байланыс орталығының 1414 тегін телефон нөмірі бойынша жүгіне алады", - деді ҚР ҚМ МКК-де.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
21.09.2023, 17:18 2036
"Дикий" Арман соты жабық режимде өтеді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Бүгін Алматыда Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайбергенге қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау аяқталды. Алдағы сот отырыстары жабық түрде өтетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, сотқа қатысушылардың қауіпсіздігі мақсатында қылмыстық істі қарау жабық форматқа ауыстырылды. Сотталушылардың жалпы саны - 45 адам.
Оларға "Билігін немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану" (Қылмыстық кодекстің 362-бабы), ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және оған қатысу (ҚК-нің 262-бабы), қарақшылық шабуыл (ҚК-нің 191-бабы), заңсыз бас бостандығынан айыру (ҚК-нің 126-бабы), 2022 жылғы Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оларға қатысу (ҚК-нің 272-бабы), бандитизм (ҚК-нің 268-бабы) бойынша айыптар тағылды", - делінген хабарламада.
Атап өтілгендей, отырыс барысында процеске қатысушылардан сотталушыларға қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту және жою, қылмыстық істі қайтару және тоқтату, жақын туыстарын қорғаушы ретінде тану туралы жүзден астам өтінішхат түскен.
Сондай-ақ іс бойынша 10 жәбірленуші, 1 куәгер және 1 сотталушы сот отырысын жабық түрде өткізуді сұрады. Олар өз өмірлері, отбасылары мен жақындарының қауіпсіздігі үшін қауіптенетінін білдірді. Бұл өтініштерді сот қанағаттандырды", - деп түсіндірді сот өкілдері.
Басты сот отырысы осы жылдың 6 қазанына белгіленді.
Айта кетейік, мәслихаттың экс-депутаты Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке ("Дикий" Арман) қатысты сот процесі 14 қыркүйек күні Алматы маңындағы №72 түзеу мекемесінің тергеу изоляторында басталған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.09.2023, 17:20 5891
Талғар аудандық орталық ауруханасының қызметкерлері соққыға жығылды
Қайтыс болған науқастың ұлдары реаниматолог пен медбикені қатты соққыға жыққан
Достарға айту
Бір күн бұрын, 19 қыркүйекте Талғар аудандық орталық ауруханасында реаниматолог пен медицина қызметкері аяусыз соққыға жығылды. Күдіктілер қазірдің өзінде ұсталды. Дегенмен қазнетте аурухана маңында түсірілген жаңа видео пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Марқұмның денесі ұрланған сәт түсірілген видео Instagram-дағы kris_p_talgar парақшасында жарияланған.
Марқұмның денесін ауруханадан шығаруға көмектескен адам видеода "Тірі адамды өлтірдің!" - деп бар күшімен айқайлағаны байқалады.
19 қыркүйекте Алматы облысында дәрігерлерге шабуыл болды: Талғар орталық аудандық ауруханасында қайтыс болған науқастың ұлдары реаниматолог пен медбикені қатты соққыға жыққан, олар ауыр жарақат алған. Олардың жағдайы ауыр деп бағалануда. Шабуылдан кейін ұлдары әкесінің денесін ұрлап кеткен, бірақ полиция оны қайтаруға көмектескен.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Талғар орталық аудандық ауруханасында дәрігер-реаниматолог пен медбикенің аяусыз соққыға жығылуын жантүршігерлік оқиға деп атап, кінәлілерді жазалау керектігін де мәлімдеді.
Қыркүйектің 20-сы күні полицейлер Талғар орталық аудандық ауруханасында дәрігер мен медбикені аяусыз ұрды деген күдікпен екі ер адамды ұстады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.09.2023, 17:43 14831
Алматы жылыту маусымына дайын
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев алдағы қысқы жылыту маусымына дайындық бойынша штабтың кезекті кеңесін өткізді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қала басшысына энергетика және сумен жабдықтау басқармасының, "Алматы жылу желілері" ЖШС, "Алматыжылукоммунэнерго" ЖШС, "Алматы Су" МКК, "Алматы электр станциялары" АҚ, "Алатау Жарық компаниясы" АҚ "ҚазТрансГазаймақ" АҚ және т. б. басшылары жөндеу және дайындық жұмыстарының аралық қорытындылары туралы баяндады.
Кеңес барысында бейінді ведомстволар атап өткендей, Алматының жылу энергетикалық кешені мен инженерлік желілерінің қыс мезгіліне жалпы дайындығы бүгінде 95%-ды құрайды. Барлық жұмыстар кесте бойынша жүруде.
Жоспарға сәйкес, Алматыдағы қала шаруашылығының алдағы күзгі-қысқы кезеңге толық дайындығы ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін қамтамасыз етіледі.
Осы жылдың жылуаралық кезеңінде Алматыда 17,7 км жылумен жабдықтау, 120 км электрмен жабдықтау, 43 км сумен жабдықтау, 29 км газбен жабдықтау желілері қайта жаңартылып, жөнделуде.
Дайындық жұмыстары "Алматы электр станциялары" АҚ объектілерінде де жүргізілуде (ЖЭО-1, ЖЭО-2, Каскад ГЭС, Батыс жылу кешені): жылыту маусымының үздіксіз өтуі үшін энергетикалық генерациялайтын жабдыққа (56 бірлік) жөндеу жүргізілуде.
Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Талғат Малыбаевтың ақпараты бойынша, "қаладағы жылу энергетикалық кешеннің жылыту кезеңіне дайындығы аяқталып қалды. Бұл ретте жылу желілерінің дайындығы 91%-ды, сумен жабдықтау - 100%-ды, электр желілерінің дайындығы-99%-ды құрайды".
Қысқы кезеңге дайындық мәселесі Алматы әкімінің жеке бақылауында. Бұған дейін Ерболат Досаев энергетика және сумен жабдықтау басқармасына (ЭСЖБ) Оңтүстік аудандық қазандыққа ерекше назар аудара отырып, жылумен жабдықтау объектілеріндегі дайындық жұмыстарының барысын бақылауды тапсырған болатын. ЭСЖБ деректеріне сәйкес, аталған объектіде аумақты абаттандыру, газ құбырларын, түтін мұржаларын оқшаулау, мазутты сақтау резервуарларына қоршау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда нысанның дайындығы 93%-ды құрайды. Реконструкция аяқталғаннан кейін қазандық 200 мыңнан астам тұтынушыны жылумен қамтамасыз етеді, оның ішінде Бостандық ауданындағы салынып жатқан тұрғын үй кешендері.
Алматының тұрғын үй қорының дайындығы бекітілген кестеге сәйкес, бүгінгі таңда 96% -ды, білім беру нысандарының - 98%-ды, денсаулық сақтау нысандарының-98% - ды құрайды.
Жылыту маусымына толық дайындықты қамтамасыз ету - қала үшін маңызды міндеттердің бірі. Қалған жұмыстарды 1 қазанға дейін аяқтау керек. Гагарин көшесі жол жүру үшін ашылды. Қала тұрғындарының жүріп-тұруына ыңғайлы болу үшін Қажымұқан көшесіндегі құрылыс - монтаж жұмыстарын тез арада бітірген жөн", - деді Ерболат Досаев және энергетика, білім,денсаулық сақтау басқармаларына, сондай-ақ аудан әкімдіктеріне осы мәселелерді жіті бақылауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.09.2023, 22:59 22576
Ертең Алматыда әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы шектеледі
Ертең алматылықтар қала күнін тойлайды
Достарға айту
Алматыда 17 қыркүйек күні таңертең қалалық велошеруге байланысты әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17 қыркүйек таңғы сағат 07:00-ден 9:00-ге дейін қалалық веложарысты өткізуге байланысты әл-Фараби даңғылы бойынша қозғалыс батыс бағытта "Нұрлы тау" көпфункционалды орталығынан Мұстафин көшесі бойындағы айналымға дейін, одан әрі Мұстафин көшесінен Дулати даңғылына дейін жабылады", - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, ертең алматылықтар қала күнін тойлайды. Мереке Республика Сарайының алдындағы Абай атындағы алаңда салтанатты түрде басталады.
Сағат 12:00 - 20:00 аралығында қаланың 8 ауданында және Панфилов пен Жібек Жолы жаяу жүргіншілер көшелерінде "Туған күніңмен, Алматым!" фестивалі өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.09.2023, 12:39 22761
Телерадио хабарларын таратудағы ақаулық қалпына келтірілді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
2023 жылы 16 қыркүйекте сағат 10:11 уақытында Қазақстанда спутниктік телеарна хабарларын тарату қалпына келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ ұлттық операторы" ұжымы елімізде телерадио хабарларын таратуды қалпына келтіру үшін таңертеңге дейін жұмыс істеді.
Өзге байланыс сервистерін қалпына келтіру бойынша жұмыстар әлі жүргізіліп жатыр.
KazSat-3" ғарыш аппаратындағы бұл жағдайдың себебін анықтау бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша аппаратты құрастырушы кәсіпорын қажет болған жағдайда спутниктің бағдарламалық жүйесін жетілдіру бағытында тиісті ұсыныстарды әзірлейді", делінген хабарламада.
Айта кетсек, 15 қыркүйекте кешкісін еліміздегі барлық телеарнаның хабар тарату қызметінде мәселе туындағаны белгілі болды. Көп ұзамай Цифрлық даму министрлігі телеарналардың хабар таратуды неге тоқтатқанын түсіндірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.09.2023, 17:45 27576
Қазақстанда автокөлік саны бес миллионнан асты
Бір жылда республикадағы автомобильдердің жалпы саны 15% өсті
Достарға айту
1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік саны 5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, шілдеде елімізде 169,3 мың автокөлік тіркелген. Бұл 2022 жылдың шілдесімен салыстырғанда 1,8 есе көп, деп хабарлайды Zakon.kz.
1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 5 миллион 15 200 көлік тіркелген. Оның 87,9%-ы жеңіл, 10%-ы жүк көлігі, 2,1%-ы автобустар.
Бір жылда республикадағы автомобильдердің жалпы саны 15% өсті. Қазақстанда ең көбі қозғалтқыш көлемі 1500-2000 см³ (45,1%) жеңіл автомобильдер болса, ең азы қозғалтқыш көлемі 4000 см³ (1,9%) жоғары автомобильдер.
Қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 см³-ге дейінгі жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында: 223 мың бірлік. Соымен қатар Алматыда 200,7 мың, Астанада 153,7 мың, Қарағанды облысында 151 мың және Шығыс Қазақстан облысында 137,4 мың автомобиль бар", - делінген статистика мәліметтерінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.09.2023, 17:39 27716
Елімізде АИ-95 бензинінің қоры 21 күнге жетеді
АИ-92 бензинінің қоры елімізде жеткілікті
Достарға айту
Елімізде АИ-95 бензинінің қоры 21 күнге жетеді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Халық жиі тұтынатын АИ-92 бензинінің шекті бағасы литріне 205 теңгеден аспайды. Ал АИ-95 бензиніне қатысты мемлекеттік реттеу қолданылмайды. Соған орай, баға нарықтағы сұраныс пен ұсыныс негізінде айқындалады. Бұл ретте еліміздегі АИ-95 бензинінің жиынтық қоры (мұнай базалары мен мұнай өңдеу зауыттарындағы, жолдағы және импорт) жеткілікті - 57 мың тонна. Бұл еліміздің 21 күндік қажеттілігін қамтамасыз етеді», - деп көрсетілген министрліктің хабарламасында.
Ал, АИ-92 бензинінің қоры да елімізде жеткілікті. Бензиннің бұл түрлері қор ұстаушылардың өтініміне және өндіріс көлеміне байланысты толықтырылып отырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.09.2023, 16:33 27946
Прокурор Боранбаев үшін 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
Сурет: Sputnik/Владислав Воднев
Достарға айту
Астана қаласының прокуратурасы Қ. Боранбаевпен және басқа сотталушылармен "ҚазТрансГаз" АҚ-ның ақшалай қаражатын иемденіп (ҚК 189-бабының 4-бөлігі) және оларды заңдастыруға (ҚК 218-бабының 3-бөлігі) қатысты ісі бойынша кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасады, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Заң бойынша мұндай келісімді жасаудың міндетті шарттары сотталушылардың ерікті түрде ерік білдіруі, олардың тағылған айыппен келісуі, дәлелдемелерге дау келтірмеуі, залалды мойындауы және жәбірленушінің келісімі болып табылады.
Сотталушылар кінәларын толық мойындауын және 14,5 млрд. теңгенің залалын өтегенін ескеріп, жәбірленуші тараптардың келісімімен қала прокуратурасы процестік келісім жасау туралы шешім қабылдады.
Оның шарттары бойынша сотталушылар жасаған қылмыстарын мойындағандықтан Қ. Боранбаев пен Р. Нахановтың мүлкі тәркіленіп, әрқайсына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қолданса, ал Т. Жанұзақты 5 жыл бас бостандығынан айыра отырып, үшеуіде мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасының тағайындалуымен келісті.
Мұндай жаза мөлшері Қылмыстық кодекстің 55-бабының 3-бөлігінің талаптарына сүйеніп айқындалды, оған сәйкес іс жүргізу келісімі жасалған жағдайда жазаның мерзімі мен мөлшері ҚК-нің ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделгеннен жоғары мерзімінің жартысынан аспауы тиіс.
ҚК-нің 189 және 218-баптары бойынша ең жоғары жаза 12 жылдан аспайтынын ескере отырып, сотталушыларға тиісінше 6 және 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын (ең жоғары мерзімнің жартысынан аспайтын) тағайындау ұсынылды.
Процестік келісім қарау және оны бекіту туралы шешімді қабылдау үшін сотқа жолданды.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 22 тамызында апелляциялық сатыдағы сотта істі қарау барысында сотталушылар кінәсін мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат берген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
21.09.2023, 11:36Қазақстанда 2022 жылдың басынан бастап мемлекетке 8,3 млн га жер қайтарылды 21.09.2023, 11:47 13376Қазақстанда монополист компания мұнай тасымалдау тарифін 30 есеге арттырған21.09.2023, 13:20 Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы ҚР жаңа заңы адал инвесторларға әсер етпейді11501Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы ҚР жаңа заңы адал инвесторларға әсер етпейді21.09.2023, 16:04 9326Қазақстанға биыл жазда жарты миллионға жуық шетелдік турист келді21.09.2023, 17:02 8506Павлодар облысының бұрынғы әкімі Сқақов әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын басқарды
15.09.2023, 18:02 668512023 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,8% құрады15.09.2023, 17:55 64731Елімізде кейбір санаттағы отандастарымыз үшін пойыз билеттеріне жеңілдік жасалу жоспарлануда15.09.2023, 17:48 64541Жемқорлардың тізімі жарияланады15.09.2023, 17:32 63931Ақтаудағы жаңа Оқушылар сарайы ашылды16.09.2023, 12:57 50236Шаймарданов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды
25.08.2023, 19:15 97166Алматыда бірқатар мектептер мен балабақшаларға 2023 жылдың соңына дейін қауіпсіздік жүйесі енгізіледі25.08.2023, 19:36 94181Шавкат Мирзиёевтің қызы Өзбекстан Президентінің көмекшісі болып тағайындалды26.08.2023, 12:58 74916Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласының Бас мешітіне барды26.08.2023, 13:08 74631Өзгені құтқарам деп қайтыс болған он төрт жасар жасөспірім марапатталды26.08.2023, 12:56 74381Алматыда 40 шетелдік азамат елден шығарылды