08.09.2015, 17:49 4306

А. Цой үш аймақтағы медициналық ұйымдардыӊ жергілікті халықты қызылшаға қарсы қосымша иммундау жұмыстарын жаӊғыртуға дайындығын тексерді

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарына барған жұмыс сапарында Қазақстан Республикасындағы қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясын өткізуге арналған әлеуметтік мобилизациялау мен ақпараттық жұмыстар жоспарын жүзеге асыру шараларын, сонымен қатар, медициналық ұйымдардыӊ вакциналауды өткізуге дайындығын тексерді

Астана. 8 Қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарына барған жұмыс сапарында Қазақстан Республикасындағы қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясын өткізуге арналған әлеуметтік мобилизациялау мен ақпараттық жұмыстар жоспарын жүзеге асыру шараларын, сонымен қатар, медициналық ұйымдардыӊ вакциналауды өткізуге дайындығын тексерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жоспарды жүзеге асыру шаралары аясында Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарыныӊ медициналық ұйымдарында жұртшылыққа қызылшаға қарсы вакциналау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қосымша иммундауға жататын мақсатты топтардыӊ (15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер) және вакциналауға медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдардыӊ құрамы анықталуда. Егу бригадалары жасақталып, медициналық қызметкерлерді дайындау бойынша тренингтер өткізілуде, сонымен қатар, медициналық ұйымдардыӊ вакцинаны сақтау мен тасымалдау шарттарын қадағалау шаралары, ғимараттардыӊ вакциналауды өткізуге дайындығы тексерілуде.

Республиканыӊ барлық аймақтарында дәл осындай жұмыстар жүргізіліп келеді. Облыс әкімдері орынбасарларыныӊ басшылығымен өтетін қызықлшаға қарсы қосымша иммундау шараларын үйлестіру мақсатында штабтар құрылды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдыӊ 7 қыркүйегінен бастап Астанада медициналық қызметкерлерді, медициналық ЖОО-ныӊ профессорлық-оқытушылық құрамын, Астана, Алматы қалалары мен облыстық денсаулық сақтау басқармаларыныӊ жауапты мамандарын қызылшаға қарсы қосымша иммундауды жүргізуге дайындау бойынша семинарлар өткізілуде. Оқу аяқталған соӊ жоғарыда аталған мамандар аймақтарда тренингтер өткізетін болады.

Ирбір егілуші адам алдағы егу туралы хабардар болады. Ол немесе оныӊ ата-анасы (заӊды өкілі) дәрігерге шақыртылып, оған профилактикалық мақсаттағы егу туралы толық әрі шынайы ақпарат беріледі. Сонымен қатар, иммундаудан кейін туындайтын ықтимал жағымсыз жағдайлар мен реакциялар, вакциналаудан бас тартудыӊ салдары туралы ақпарат жеткізіледі.

Профилактикалық егу жұмыстары тек бекітілген форма бойынша ақпараттандырылған ерікті келісім негізінде ғана жүргізіледі.

Қызылшаға қарсы сертификатталған вакцинаныӊ қолдану қауіпсіздігі Дүниежүзілік денсаулық ұйымымен бекітілген.

Естеріӊізге сала кетейік, халықты қызылшаға қарсы қосымша иммундау жұмысы 2015 жылдыӊ 1 қазанында жаӊғыртылады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны