07.03.2019, 18:21 15782

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Адал жол - честный путь" марафоны басталды

Марафонның қорытындысы Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне орай ұйымдастырылатын жемқорлыққа қарсы форумда шығарылатын болады.

Көкшетау. 7 наурыз. Kazakhstan Today - Жыл сайын 1 наурызда Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Адал жол - честный путь" марафоны басталып, ол желтоқсан айына дейін жалғасады. Оған облыстың барлық аудандары бір-біріне эстафета жіберу арқылы қатысады.

Дәстүрлі түрде 2019 жылғы марафон Көкшетау қаласынан басталды. Оның ашылу салтанаты "Көкшетау" мәдениет сарайының алаңында өтіп, оған қала тұрғындары, студент жастар, мемлекеттік қызметшілер шақырылды. Тіпті жиналған қауым марафонның ашылуына орай ұйымдастырылған флешмобқа қатысу мүмкіндігіне ие болды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалиновтың айтуынша, облысымыздағы марафон осымен бесінші жыл өткізіліп келеді, алайда оның мақсаты өзгерген жоқ. Ол - жемқорлыққа қарсы күресте қоғам мен мемлекеттің күшін біріктіру, жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа және құқық бұзушылық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, белсенді азаматтық ұстанымға жол ашу, жемқорлықпен күрес қозғалысына барша қоғамды тарту.

Марафонның қорытындысы Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне орай ұйымдастырылатын жемқорлыққа қарсы форумда шығарылатын болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны