15.04.2019, 00:12 23661

АҚШ Елшілігі мен Қазақстан Ғарыш Сапары 12 сәуір - Адамзаттың Ғарышты Бағындырған Күнін тойлады

Ұлттық Ғарыш Орталығында "World Space Party" шарасы аясында қонақтарға НАСА-ның Халықаралық Ғарыш Станциясынан түсіріліп жіберген Қазақстанның кейбір аймақтарының 9 фотосуреті көрсетіледі.

Нұр-Сұлтан. 14 сәуір. Kazakhstan Today - АҚШ Елшілігі "Қазақстан Ғарыш Сапары Ұлттық Компаниясы" АҚ-мен бірлесе, Нұр-Сұлтан қаласындағы Makerspace қолдауымен Орталық Азиядағы алғашқы "World Space Party" іс-шарасын ұйымдастырды.

Сәуірдің 12-сі күні Ұлттық Ғарыш Орталығында "World Space Party" шарасы аясында қонақтарға НАСА-ның Халықаралық Ғарыш Станциясынан түсіріліп жіберген Қазақстанның кейбір аймақтарының 9 фотосуреті көрсетіледі. Олардың арасында Нұр-Сұлтан қаласы, Арал теңізі, Алакөл, және тағы басқа жерлердің фотосуреттері бар. Сондай-ақ, Space Telescope Science Institute ғылыми-зерттеу институтының докторы Джоэл Гринмен видеоқоңырау барысында қатысушылар сұрақ қойып, сұхбаттасты. Қатысушылар ағылшын тілінде The First Man/Бірінші адам фильмін (2018) тамашалап, DJ Brundildina-ның тақырыпқа сай авторлық әуендерін тыңдап ғарыш кеңістігіне сапар шеккендей әсер алды. Ғарыш кемесінің модельдерін және "луноход" кемесінің моделін жасау бойынша мастер-класстарға қатысқандардың барлығы далаға шығып, қолдан жасалған ракеталарды сынап көрді. Жалпы, іс-шараға 200 адам келді.

Аталмыш іс-шара зерттеушілердің жаңа буынын шабыттандыру және ғарышты тануға деген қоғамдық қызығушылықты арттыру мақсатын көздейді. World Space Party ғарыш саласын зерттейтін жастардың жаһандық қоғамдастығын қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар, жастар мен жас көшбасшылардың шығармашылығын, новаторлық қабілеттерін арттыруға әсерін тигізеді. Шығармашылық пен білімді біріктірген іс-шара би, әуен, өнер, сән өнері сияқты бағыттарды қамтыды.

Біраз тарихқа жүгінсек, 2000 жылы "World Space Party" кеші алғаш рет Лос-Анджелес қаласында жарияланып, кейін 2001 жылы 12 сәуірде өткізілді. Ғарышкерлер құрылтайының қатысушылары мен қоғамдастық мүшелері өздеріне тиесілі мерекелік іс-шараны бүкіл әлем болып тойлауды ұсынды. Осындай тарихы бар "World Space Party" алғаш рет Қазақстанның бас қаласы Нұр-Сұлтан қаласында сәтті өткізілді деп айтуға тура негіз бар!

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны