25.06.2013, 13:09 5395

А. Винокуров екі дүркін Олимпиада чемпионы атануы ықтимал

Допингті қолданғанын мойындаған неміс велошабандозы Ян Ульрих 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының медальдарынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Астана. 25-маусым. Kazakhstan Today - А. Винокуров екі дүркін Олимпиада чемпионы атануы ықтимал, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Допингті қолданғанын мойындаған неміс велошабандозы Ян Ульрих 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының медальдарынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Неміс спортшысы Сиднейде топтық жарыста алтынды еншілесе, жеке тартыста күміс жүлдені олжалаған болатын. Топтық жарыста екінші болып мәре сызығына қазақстандық Александр Винокуров жетті. Егер 39 жастағы Ульрих жүлделерінен айырылатын болса, онда топтық жарыстағы "алтын" А.Винокуровқа берілуі тиіс.

Айта кетейік, 22 маусым күні Ульрих велоспортта допингтік жүйені ұйымдастыруға қатысқаны үшін биылғы сәуір айында бір жылға бас бостандығынан айрылған испандық дәрігер Эуфемиано Фуэнтестің қадағалауымен "қан допингін" қолданғанын мойындады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны