16.10.2017, 13:30 4501

Ибіш Кекілбаевтыӊ еӊ танымал "Шыӊырау" повесініӊ желісіндегі фильмніӊ түсірілімдері аяқталды

Ибіш Кекілбаевтыӊ еӊ танымал повесі - "Шыӊырау" арқау болған, режиссер Жәнібек Жетіруов түсірген фильмніӊ түсірілім жұмыстары аяқталды. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша түсірілген бұл фильм қазір монтаждау кезеӊінде тұр.

Алматы. 16 қазан. Kazakhstan Today - Ибіш Кекілбаевтыӊ еӊ танымал повесі - "Шыӊырау" арқау болған, режиссер Жәнібек Жетіруов түсірген фильмніӊ түсірілім жұмыстары аяқталды. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша түсірілген бұл фильм қазір монтаждау кезеӊінде тұр.

- Комедия және экшн жанрындағы фильмдердіӊ сұрнасықа ие екеніне қарамастан, И.Кекілбаевтыӊ, классикаға айналған "Шыӊырау" шығармасын үлкен экраннан көрермен назарына ұсынуды жөн деп таптық. Бұл пәлсапалық картинада көрініс тапқан көркем декорациялар, костюмдер және көз тоярлық әдемі табиғат аясындағы романтикаға толы сахналар, жануарлар қатысқан сахналар, Каспий теӊізі, сырға толы Маӊғыстау өӊірі ешқандай көрерменді бейжай қалдырмайды деп ойлаймын. Меніӊше, біздіӊ фильм өз ұлтыныӊ тарихынан хабардар, классикалық әдеби шығармаларды ұнататын, тереӊ ойланатын аға буын мен жас буын көрерменге арналған фильм. Сондай-ақ,бизнесмендермен қатар, қарапайым еӊбек адамдарына да біраз ой тастайтын фильм. Және де фильмді көрген адам осы өӊірге жаӊаша көзқараспен қарап, осы аймақтыӊ табиғатын сақтап қалудыӊ жолдарын қарастыруға ықпал етеді, - деді фильмніӊ режиссері Жәнібек Жетіруов.

Режиссердіӊ айтуы бойынша фильмныӊ монтаждау кезеӊінде көптеген жұмыс атқарылған. Олар: дубльдерді таӊдау, сахналар мен эпизодтардыӊ қатарын нақтылау, сахнаныӊ және жалпы фильмніӊ ритмін анықтау. Фильмді дыбыстап, сахна бойынша қажетті музыка мен шу жазған. Және кейіпкерлерді дыбыстау үшін дауыстар таӊдалып, кастинг жүргізілген. Аталмыш кастингке жүз актер қатысқан.

- Картинада бір қатар драматургиялық қақтығыстар бар. Ол: көзқарастар мен сенімдер қақтығысы, отбасылық қақтығыс, адамныӊ өзімен қақтығысы, дүниетаным қақтығысы, құдық қазушылардыӊ арасындағы қақтығыс, түсініспеушілік. Фильмдегі пікірлестер, достар, одақтастардыӊ өзара келіспеушілігініӊ соӊы үлкен қақтығысқа ұласады және тереӊіне бойлаумаудыӊ, сондай-ақ, орын алған жағдайды қабылдамаудыӊ кесірінен көптеген қиындықтарға тап болады.. Фильмніӊ шиеленісі: әке мен бала арасындағы, ой мен жүрек, махаббат пен өшпенділік, жаӊа мен ескініӊ қақатығысы. Фильмніӊ бас кейіпкерлері - ауыр еӊбектен қажыған құдық қазушы Еӊсеп, кереӊ болса да жаны ізгілікті қалайтын, адами қасиеттерге бай Оспан және жас қос ғашық Ақмоншақ пен Асылхан, - деп режиссер, фильмніӊ бас кейіпкерлерін сомдаған Алдабек Шалбаев, Асылхан Төлепов және жас актриса Айжан Жетіру туралы айтып берді.

Қазіргі таӊда фильмніӊ компьютерлік графикасымен қатар, музыкалық әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Фильмніӊ музыказын композитор Арман Жайым жазады. Режиссердіӊ айтуы бойынша, картинада көп классикалық музыка және композиторлардыӊ танымал шығармаларыныӊ өӊделген нұсқалары болады.

Фильм туралы ақпарат:

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ

Фильмніӊ аталуы: "Шыӊырау"

Жанры: Драма

Тілі: Қазақ тілінде

Сценарий авторы әрі режиссері: Жаӊабек Жетіруов

Қоюшы-операторы: Рифкат Ибрагимов

Продюсері: Ертай Рахманбердиев

Фильмніӊ қысқаша мазмұндамасы: Фильм жиырмасыншы ғасырдыӊ басындағы қазақ қоғамында қалыптасқан әлеуметтік проблемаларды қозғайды. Жартылай отырықшы және көшпелі тұрмыс кешетін қазақтардыӊ арасын жалғастырып жүрген басты кейіпкер Еӊсеп шыӊыраудан құдық қазып, Үстіртте аты шығады. Еӊсеп бай, ауқатты адамдардыӊ құдығын қазып, кедей кепшіктердіӊ тапсырыстарына ат үсті қарайды. Осы тәкаппарлығы өзіне кесір болып, ол ақыры жұмыссыз қалады. Ауылға Бұхара жақтан көшіп келген қалпақ деген біреу, Еӊсептіӊ орнын басып, Үстіртте еӊ тереӊ құдық қазады. Бұл Еӊсептіӊ қызғанышын оятады. Ол одан да тереӊ құдық қазам деп, ақыры бәсеке түбіне жетеді.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны