24.04.2018, 14:16 4683

Абзал Нүкенов: Жастар арасында мықты пассионарлық әлеует қалыптасқан

Вице-министрдіӊ айтуынша, бүгінде жастар арасында мықты пассионарлық әлеует қалыптасқан. Мұныӊ дәлелі - жас талантты қазақстандықтардыӊ спорт, өнер және т.б. салалардағы әлемдік жетістіктері болып табылады.

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Жастар арасында мықты пассионарлық әлеует қалыптасқан. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында "Модернизация жағдайындағы жастарға арналған жаӊа мүмкіндіктер" тақырыбында өткен брифингте ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов мәлімдеді.

"Жалпы алғанда қалаларға ауылдарға іс-сапар аясында және сарапшылардыӊ бағалауына қарап, жылдан-жылға жастардыӊ сапасы артып келе жатқанын атап өткім келеді. Адам капиталыныӊ жағымды динамикасы көрініп отыр" - деді А. Нүкенов.

Сондай-ақ, Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі қазақстандық патриотизм деӊгейі жөнінде оӊ пікір білдірді.

"Кейде біз жастардыӊ әлеуетін дұрыс бағалай алмаймыз, жеке фактілерге сүйеніп, шұғыл қорытынды жасаймыз. Бірақ шын мәнінде, біздіӊ жастарымыз жан-жақты дамыған, білім мен бәсекеге қабілеттілікке ұмтылады, ал еӊ бастысы ел ішінде және шетелдерде болса да туған елдіӊ мүддесіне қызмет етуге дайын. Осылайша, сарапшылардыӊ пікірінше, жастардыӊ 97% Қазақстанныӊ азаматы болғанын мақтан тұтады", - деді Абзал Нүкенов.

Вице-министрдіӊ айтуынша, бүгінде жастар арасында мықты пассионарлық әлеует қалыптасқан. Мұныӊ дәлелі - жас талантты қазақстандықтардыӊ спорт, өнер және т.б. салалардағы әлемдік жетістіктері болып табылады. Мысалы, Динара Сәдуақасованыӊ спортта немесе Димаш Құдайбергеновтіӊ өнердегі жетістіктері жастарға өздерініӊ дамуына және шығармашылық өсуіне зор серпін береді. Мемлекет жастардыӊ өзін-өзі дамытуына жан-жақты қолдау көрсетеді. "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы, Елбасыныӊ бес әлеуметтік бастамасы осы процесске айрықша серпін береді.

А. Нүкенов жалпы мемлекеттік жастар саясатыныӊ көптеген бағыттарында оӊ серпіліс бар екендігін атап өтті. Өткен жылы жастар арасындағы жұмыссыздық деӊгейі 4,1% -дан 3,9% -ға дейін төмендеген. NEET санатындағы жастардыӊ саны 9,2-дан 2017 жылға дейін 8,7% -ға дейін азайған. Соӊғы жылдары жастар арасындағы құқық бұзушылықтардыӊ саны 3,6%-ға төмендегені байқалады. Сондай-ақ, жастардыӊ арасында суицид оқиғалары бір жыл ішінде 8, 2% азайған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны