12.09.2006, 14:48 3578

Адамның ішкі еркіндігі - конфессияаралық төзімділіктің шарты - Қазақстан президенті

АСТАНА. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан өзінің тәжірибелік саясатында адамның ішкі еркіндігі - конфессияаралық төзімділіктің шарты деген ұстанымға бағынады, деп мәлімдеді бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Илемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ сьезінде сөйлеген сөзінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Дәл осындай себепке байланысты тарихи тұрғыда ислам деп аталатын мәдени құрлықтың бір бөлігі болып табылатын біз Қазақстанда барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің дамуына кедергі келтірмейміз",- деді президент.

"Қандайбір мемлекет, ұлт немесе дін басқаның мәдени кеңістігіне жаулап басып алу тұрғысынан қараған жағдайда оның өзінің тіршілік ортасы кері кете бастайды",- деп пайымдайды президент. "Қазақтар үшін төзімділік академиялық емес, тәжірибелік ұғым",- деді ол.

Ел басшысы тәуелсіздік алған сәттен бері Қазақстанда діни қарым-қатынас саласында мемлекеттің салмақты саясат ұстанып отырғанын еске салды. "Ол келесі базалық принциптерге негізделеді. Оларды мен келісім принциптері деп атаған болар едім",- деді Н.Назарбаев.

Біріншіден, бұл - ар-ұждан еркіндігі мен діни сенім -наным еркіндігін заңнамалық және институттық тұрғыда қамтамасыз ету. Конфессиялық немесе басқа қандайбір әлеуметтік белгілеріне қарай кез-келген алалау түрлеріне Ата заңның деңгейінде тыйым салынған. "Қазақстан Республикасындағы ар-ұждан мен діни сенім -наным еркіндігі туралы" заң діни бірлестіктердің еркін жұмыс істеуіне қажетті барлық құқықтық негіздерді қалады. Еліміз адам құқығы саласындағы 40 халықаралық келісімдер мен шарттарға, соның ішінде БҰҰ-ның осы саладағы фундаменталдық пактілеріне бірікті.

Екіншіден, біз мемлекет конфессиялардың өз функцияларын жүзеге асыруы үшін тең әрі қолайлы жағдай жасауға міндетті деген пайымға бағынамыз. "Діни саланы либерализациялау еліміз тәуелсіздік алған сәттен бері діни мекемелер санының бес есе өсіне түрткі болды",- деді президент.

Қазақстан халқының басым бөлігі өзін мұсылманбыз деп санайды. "Бірақ бір атап өтер жайт, Қазақстанда исламның басымдық ролі басқа да діни сенім-нанымдардың толыққанды жұмыс істеуіне кедергі келтірмейді",- деді Қазақстан мемлекет басшысы.

Президенттің мәліметіне жүгінсек, тәуелсіздік жылдарында еліміздегі православиелік шіркеулердің саны 4 есе, католик шіркеуінің саны екі есе өскен. Протестанттық бірлестіктердің мыңнан астам миссиялары мен мінажат үйлері бар, елімізде , сондай-ақ, 21 иудейлер қауымы жұмыс істейді, бірнеше ғасырдан бері алғаш рет буддистік шіркеу салынды.

Үшіншіден, біздің іс-қызметіміздің басым бағыты Қазақстанда конфессияаралық диалогты ынталандыруға саяды. Мәселен, Қазақстан халықтарының ассамблеясы атты ұлтаралық және дінаралық диалогтың бірегей институты құрылған, деді президент.

"Ұлтаралық және дінаралық келісімнің Қазақстандық моделі - түрлі конфессиялардың бүкілдүниежүзілік ықпалдастық процессіне еліміздің қосқан өзіндік үлесі болып табылады",- деді Елбасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны