25.03.2020, 14:35 7413

АДБ Қазақстанға пандемиямен күресте көмекке дайын - Ұлттық экономика министрлігі

Қазіргі уақытта АДБ Қазақстанға коронавируспен (COVID-19) күресте өкпені жасанды желдету аппаратын, қорғану маскаларын жеткізу бойынша қайтарымсыз техникалық көмек көрсету мәселесін қарастыруда.

Алматы. 25 наурыз. Kazakhstan Today - 25 наурызда Ұлттық банк өкілдерінің қатысуымен Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің Азиялық Даму Банкі (АДБ) Президенті Асакава Масацугомен конференциялық қоңырауы бойынша келіссөз өткізілді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта АДБ Қазақстанға коронавируспен (COVID-19) күресте өкпені жасанды желдету аппаратын, қорғану маскаларын жеткізу бойынша қайтарымсыз техникалық көмек көрсету мәселесін қарастыруда.

Басқа да мәселелер қатарында АДБ қазіргі уақытта жұмыспен қамту, басым салалардағы жұмыс күшін қайта оқытуды қолдау, сондай-ақ еліміздің шикізатқа тәуелділігін азайту және ауыл шаруашылығы, ақпараттық технология мен электрондық сауда салаларын ілгерілету мақсатымен экономиканы әртараптандыруда мүмкін болатын қолдау жасауды көздеп отыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны