19.01.2015, 22:36 3951

Иділбек Жақсыбеков: елорданыӊ қарт тұрғындарына қамқорлық пен көӊіл бөлу қажет

Бүгін Астана әкімдігінде қала басшысы Иділбек Жақсыбековтыӊ төрағалығымен кезекті аппараттық отырыс өтті. Отырыс барысында коммуналдық қызмет көрсету, қала тұрғындарыныӊ шағымдарына жедел жауап әрекет ету мәселелері талқыланды. Икім көлік логистикасы, соныӊ ішінде елорда әуежайыныӊ мәселелеріне ерекше тоқталып өтті.

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін Астана әкімдігінде қала басшысы Иділбек Жақсыбековтыӊ төрағалығымен кезекті аппараттық отырыс өтті. Отырыс барысында коммуналдық қызмет көрсету, қала тұрғындарыныӊ шағымдарына жедел жауап әрекет ету мәселелері талқыланды. Икім көлік логистикасы, соныӊ ішінде елорда әуежайыныӊ мәселелеріне ерекше тоқталып өтті. Өкінішке орай, елорда әуежайы әрдайым тұрғындар тарапынан сынға ұшырап отырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

- Төлқұжатты тексеру кезінде үлкен кезектер пайда болып, бағдарлама істен шығады, қызметкерлердіӊ шет тілдерін білмеуі және тарифтердіӊ қымбат болуы - бұл түйткілді мәселелердіӊ толық тізімі емес. Бұл туралы қарапайым тұрғындар, осындай жағдайларға тап болған белгілі журналистер мен бизнесмендер айтып та, жазып та жүр. Қызмет көрсету сапасы әлемдік стандарттарға сай емес, - деді И. Жақсыбеков, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Қала басшысы барлық тиісті аумақтық және ведомствоға қарасты құрылымдарға, соныӊ ішінде Шекара және Кеден қызметтеріне бұл мәселелердіӊ шешімін тауып, әуежай жолаушыларына сапалы қызмет көрсету бойынша жүйелі шараларды қабылдауды тапсырды.

Отырыс барысында И. Жақсыбеков тоқталған негізгі тақырыптыӊ бірі - ардагерлер мен қарт адамдарды қолдау бойынша жүргізіліп жатқан әлеуметтік іс-шаралар болды. Икім қарт адамдарға тұрақты түрде көмек көрсететін акция ұйымдастыруды тапсырды. Бұл қаржылай шығынды талап етпейтін, тәрбиелік, моральдық және психологиялық сипаттағы іс-шаралар болуы тиіс.

- Біз Елбасымыздыӊ Жаӊа жыл қарсаӊындағы ардагерлерді қолдау бойынша бастамаларын жалғастыруымыз қажет. Бұл бір реттік акция болмауы тиіс және Жеӊіс күнінен кейін бірден аяқталып қалмауы шарт. Акция тұрақты түрде жүргізілуі керек, деді қала басшысы.

Елорда әкімі тиісті қалалық құрылымдарға колледждермен және ЖОО бірлесе ардагерлерге, соғысқа қатысқандар мен тыл еӊбеккерлеріне, сонымен қатар, басқа да қарт адамдарға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды тапсырды. Оларға үй жинауға, азық-түлік сатып алуға көмектесіп, жай көӊіл бөлу керек. Отанға деген сүйіспеншілікті бойларына сіӊіру мақсатында орта мектеп оқушылары мен ардагерлердіӊ кездесулерін ұйымдастыру, патриоттық сабақтар өткізу қажет.

И. Жақсыбеков қала басшысыныӊ орынбасарларына елордалық ардагерлерге жан-жақты көмек көрсетуді бизнес құрылымдар арқылы ұйымдастыруды тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны