27.09.2018, 18:15 3697

Иділхан Ержановтыӊ "Түн құдайы" фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

2018 жылы қыркүйектіӊ 5 мен 16 аралығында Парижде өткен, француздыӊ L'Etrange Festival кинофестивалі аясында режиссер Ержановтыӊ фильмографиясы Focus атты арнайы секциясында көрсетілді.

Алматы. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2018 жылы қыркүйектіӊ 5 мен 16 аралығында Парижде өткен, француздыӊ L'Etrange Festival кинофестивалі аясында режиссер Ержановтыӊ фильмографиясы Focus атты арнайы секциясында көрсетілді. Туындылар арасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында түсірген "Риэлтор", "Үкілі кәмшат" және "Түн құдайы" фильмдері де бар.

Режиссер Иділхан Ержановтыӊ айтуы бойынша, француз көрермені оныӊ фильмдеріне қызығушылық танытқан, келушілер саны көп болып, кезеккке тұрып күткенкендер де болған. Сонымен қатар, түрлі кәсіби кездесулер мен сұхбаттар жасаған. "Француздар өнер мен киноны бразилиялықтар футболды түсінгендей түсінеді. Олар үшін өнер - ұлттық дәстүр. Сондықтан да кинодағы авангард сол жақтан тарайды. Кинодағы моданы Канн мен Франция жасайды. Ол жақтыӊ көрерменімен сөйлесудіӊ ғанибет. Олар синефилдер - қазақ киносында болып жатқан дүниелерден хабардар. Оларға шынымен де меніӊ кином қызықты", - деді Ержанов.

L'Etrange Festival ширек ғасырға жуық уақыт өткізіліп келеді. Бұл фестиваль "ерекше, қайталанбайтын, сирек, жоғары деӊгейдегі" фильмдерге арналған. Фестиваль бағдарламасында негізгі байқау (Ларс фон Триердіӊ "Джек тұрғызған үй" фильмі көрсетілетін) мен қысқаметражды фильмдердіӊ байқауынан бөлек, байқаудан тыс бағдарламада жапон жаӊа толқыныныӊ фильмдерініӊ көрсетілімі, аӊызға айналған Nikkatsu атты жапон студиясыныӊ фильмдірініӊ ретроспективасы, сондай-ақ "Жаӊа таланттар", "Деректі кино" бағдарламалары бар.

Анықтама:

"Түн құдайы"

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм"

Жанры: драма

Хронометражы: 110 минут

Режиссёрі: Иділхан Ержанов

Продюсері: Серік Ибішев

Сценарийін жазған: Иділхан Ержанов

Операторы: Едіге Несіпбеков

Ролдерде: Баймұрат Жұманов, Илия Зайналова, Нұрбек Мұкышев, Константин Козлов, Салтанат Наурыз, Мақпал Исабекова

Иділхан Ержанов - сценарист, кинорежиссер. 71-ші Канн кинофестивалініӊ "Ерекше көзқарас" бағдарламасына қатысқан ("Илемніӊ мейірімді енжарлығы", 2018). 40-шы Мәскеу халықаралық кинофестивалініӊ қатысушысы ("Түн құдайы", 2018). 45-ші Роттердамдағы ХКФ NETPAC қазылар алқасыныӊ иегері ("Қаратас ауылындағы оба", 2016), соныман қатар, көптеген халықаралық кинофестивалініӊ лауреаты және қатысушысы. Қазақстан Киносыншылар ассосциациясыныӊ тануы бойынша бірнеше рет "Үздік фильм", "Үздік режиссер" және "Үздік сценарий" атанған. Еуропалық Киноакадемияныӊ мүшесі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны