02.02.2015, 20:53 3952

Аэроұтқыр әскерлері бөлімшелерініӊ гранатаметшілері алғаш рет жиынға шықты

Бүгін, 2015 жылғы 2 ақпан күні, Сарыөзек қүк. 12740 әскери бөлімініӊ базасында АэҰИ қолбасшысыныӊ нұсқауы негізінде Аэроұтқыр әскерлері бөлімшелері гранатаметшілерініӊ жиыны басталды

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін, 2015 жылғы 2 ақпан күні, Сарыөзек қүк. 12740 әскери бөлімініӊ базасында АэҰИ қолбасшысыныӊ нұсқауы негізінде Аэроұтқыр әскерлері бөлімшелері гранатаметшілерініӊ жиыны басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы басқармасыныӊ жауынгерлік даярлық басқармасы мен сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі бөлімшесі осы сияқты жиынды алғаш рет ұйымдастырып отырғанын атап өту керек. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жиынныӊ мақсаты - жауынгерлік міндеттердіӊ бағытына сәйкес және қазіргі заманғы ұрыс жағдайында гранатаметші мамандардыӊ кәсіби біліктіліктері мен далалық шығудағы дағдыларын арттыру, гранатаметшілерді даярлау әдістерін жалпылау және енгізу болып табылады.

Жиынға көрсетілген санаттыӊ 130-дан астам әскери қызметшісі жұмылдырылуда. Қатысушылар 4 топқа бөлініп, ату, инженерлік іс және жауынгерлік даярлықтыӊ негізгі пәндері бойынша нұсқаушы-мамандардыӊ жетекшілігімен шұғылдануда.

Аталмыш жиындар бөлімшеніӊ жауынгерлік ату жаттығулары қарсаӊында өткізіліп отыр. Өйткені, гранатаметші бөлімшеніӊ жауынгерлік мүмкіндіктерін айқындайтын басты жауынгерлік бірліктердіӊ бірі болып болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны