19.12.2008, 15:52 1969

Аягөз ауданының Шынқожа ауылында су құбыры салынып бітті

Аягөз ауданының Шынқожа ауылында су құбыры салынып бітті

Семей. 18 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Аягөз ауданының Шынқожа ауылында "Ауыз су" мемлекеттік бағдарламасының аясында су құбыры салынып бітті. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне Аягөз ауданының әкімі Нұрғали Изімбаев хабарлады.

Оның айтуынша, жыл бойы Шынқожа ауылында үш ұңғы бұрғыланып, су жинағыш пен су насосы мұнаралары салынып, 35 колонка мен 22 өртке қарсы гидрант орнатылды. Су құбырының ұзындығы - 9,5 шақырым. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 70 млн теңге бөлінді.

Аудан әкімінің айтуынша, "Ауыз су" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға Аягөз ауданына республикалық және облыстық бюджеттен 361 млн теңге жұмсалды. Қазір ауданның алты елдімекенінде жұмыстар жүргізілуде. Су құбырлары Айғыз және Шынқожа ауылдарына тартылды.

2009 жылы Қосағаш, Бидайық, Сарыарқа ауылдары мен Аягөз аудан орталығы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны