03.05.2012, 17:31 3376

"Ақ жол" партиясы Жеңіс Күнінің құрметіне "Георгиев лентасы" патриоттық акциясын өткізді

"Ақ жол" партиясымен ұйымдастырылған "Біздің есімізде, біз мақтан тұтамыз" ұранымен "Георгиев лентасы" патриоттық акциясы 3 мамыр күні Астана, Алматы қалаларында және Қазақстанның облыс орталықтарында өтті. Бұл акция майданда қаза тапқандарды еске алу, Ұлы Отан соғысында жеңіс үшін жанын аямағандарға алғыс айту шарасы болып табылады.

Алматы. 3-мамыр. Kazakhstan Today - "Ақ жол" партиясы Жеңіс Күнінің құрметіне "Георгиев лентасы" патриоттық акциясын өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ақ жол" партиясымен ұйымдастырылған "Біздің есімізде, біз мақтан тұтамыз" ұранымен "Георгиев лентасы" патриоттық акциясы 3 мамыр күні Астана, Алматы қалаларында және Қазақстанның облыс орталықтарында өтті. Бұл акция майданда қаза тапқандарды еске алу, Ұлы Отан соғысында жеңіс үшін жанын аямағандарға алғыс айту шарасы болып табылады.

"Бүгінгі ұрпақ - бұл бейбіт уақыттың балалары. Және олардың соғыс туралы тек әңгімелерден естіп білгені жақсы жағдай. Сол жылдардың куәгерлері - ардагерлер, тыл еңбеккерлері арамызда сиреп бара жатыр. Алайда сол қиын-қыстау күндерді, біздің әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігін ұмытуға болмайды", -деп А.Перуашев атап өтті. - Жеңіс күні қарсаңында "Ақ жол" партиясы фашизмнен әлемді азат еткен ардагерлерді мәңгі құрметтеу белгісі ретінде Акцияға қосылып, киімге, сөмкеге немесе автокөлік антеннасына Георгиев лентасын тағып қоюға шақырады".

Акция барысында партия белсенділері Ұлы Отан соғысы батырларын еске алуға ниет еткендердің барлығына мыңнан аса георгиев ленталарын таратты. Шаралар тұрғындардың көптеп жиналатын орындарында ұйымдастырылды: Астана қаласындағы "Хан шатыр" СОО, "Цум" СО, "Евразия" СО және Алматы қаласындағы Mega "Alma-Ata" СОО, 28 гвардияшы панфиловшылар атындағы саябақ, Илия Молдағұлова және Мәншүк Мәметова атындағы саябақ, Арбат "ЦУМ".

Еске сала кетсек, алғаш рет "Георгиев лентасы" акциясы Жеңістің 60 жылдығы кезінде басталған болатын, және қазіргі кезде халықаралық акцияға айналды. Қара-қызғылт сары түсті ленталар Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс туралы естелік белгісіне айналды. Лента түстері - қара мен қызғылт сары түс "түтін мен алауды" білдіреді, және майданда көрсетілген жауынгер ерлігінің белгісі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны