10.08.2006, 13:16 2674

Академик Илиевтің пайымдауынша, денсаулық сақтау саласын дамытуға бөлінген қаржы тиімсіз пайдаланылуда

ҚЫЗЫЛОРДА. 10-тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстан хирургтары қауымдастығының президенті, Халық қаҺарманы, академик Мұхтар Илиевтің пайымдауынша, денсаулық сақтау саласын дамытуға бөлінген қаржы тиімсіз пайдаланылуда. Бұл туралы ол Қызылорда облысындағы ақ халаттылар қауымымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"2004-жылы денсаулық сақтау саласын дамытуға 90 млрд. теңге, 2005-жылы - 118 млрд., ал биыл - 134 млрд. теңге бөлінді",- деді академик. М.Илиевтің пікірінше, қаржының басым бөлігі тиімсіз пайдаланылуда.

Сонымен бірге маман мәселесі де күрделі күйінде қалып отырғанын да естен шығармау керек, деді ол. Ирбір 10 мың тұрғынға шаққанда бар-жоғы 36 дәрігерден келеді.

"Еліміздің медицина саласы секілді халықтың денсаулығы да сын көтермейді",- деді академик. Оның айтуынша, адам жасының ұзақтығы деңгейіне қарай Қазақстан дүниежүзінде 96-шы орында. Орта есеппен қазақстандықтар небәрі 66 жас жасайды. Ал, хирургтың айтуынша, бала мен ананың өлім-жітімі көрсеткішіне сәйкес еліміз 54-ші орында. "Осынау ресми көрсеткіштер шын мәнінде нақты ахуалды сипаттай алмайды",- деді Қазақстан хирургтары қауымдастығының президенті. Көп жылдан бері диспансерлік тексеру жүргізілмегендіктен, халықтың денсаулық ахуалы туралы обьективті мәліметтер жоқ. Соның салдарынан елімізде көптеген ауру түрлері бойынша, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасындағы аурулар бойынша аса күрделі ахуал қалыптасып отыр, деді М.Илиев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны