15.06.2017, 14:06 9927

Ақарыс Нұрсейітов Қызылорда қалалық білім бөлімініӊ басшысы қызметіне тағайындалды

Қала әкімініӊ міндетін атқарушы Асылбек Шәменовтіӊ 2017 жылғы 14 маусымдағы № 460 өкімімен Нұрсейітов Ақарыс Дүйсенбайұлы Қызылорда қалалық білім бөлімініӊ басшысы қызметіне тағайындалды.

Қызылорда. 15 маусым. Kazakhstan Today - Қала әкімініӊ міндетін атқарушы Асылбек Шәменовтіӊ 2017 жылғы 14 маусымдағы № 460 өкімімен Нұрсейітов Ақарыс Дүйсенбайұлы Қызылорда қалалық білім бөлімініӊ басшысы қызметіне тағайындалды.

Ақарыс Дүйсенбайұлы 1982 жылы 30 шілдеде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.

2003 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде "Тарих, құқық және экономика пәнініӊ мұғалімі" мамандығы бойынша бітіріп, еӊбек жолын 2004 жылы "Астана Строй Сервис" ЖШС инженер ретінде бастаған.

Талай қызмет баспалдағынан өткен ол 5 жылға жуық Ақсуат ауылдық округініӊ әкімі қызметін атқарды.

Бүгін қала әкімініӊ міндетін атқарушы Асылбек Шәменов қалалық білім бөлімініӊ ұжымына жаӊа басшыны таныстырып, қызметіне табыс тіледі. Ұжымды осы уақытқа дейін басқарып келген Есжанов Асқарбек Темірбекұлына алғысын жеткізді.

Бұған дейін қалалық білім бөлімініӊ басшысы қызметін атқарған Есжанов Асқарбек Темірбекұлы басқа қызметке ауысуына байланысты қала әкімініӊ 7 маусымдағы №456 өкімімен қызметінен босатылып, 14 маусымнан бастап Қызылорда қалалық мәслихаты аппаратыныӊ басшысы болып тағайындалды,- деп хабарлайды қала әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны