15.05.2017, 16:44 2517

Ақмола облысы әкiмдiгiнде тiлдердi дамыту, еӊбек қауiпсiздiгi саласында атқарылған жұмыстар және облыстағы ветеринариялық ахуал мәселелерi қаралды

Бүгiн Ақмола облысы әкiмдiгiнде аймақ басшысы Мәлiк Мырзалиннiӊ төрағалығымен аппарат кеӊесi өттi. Онда тiлдердi дамыту, еӊбек қауiпсiздiгi саласында атқарылған жұмыстар және облыстағы ветеринариялық ахуал мәселелерi қаралды.

Көкшетау. 15 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгiн Ақмола облысы әкiмдiгiнде аймақ басшысы Мәлiк Мырзалиннiӊ төрағалығымен аппарат кеӊесi өттi. Онда тiлдердi дамыту, еӊбек қауiпсiздiгi саласында атқарылған жұмыстар және облыстағы ветеринариялық ахуал мәселелерi қаралды.

Жиын басында облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин Ақмола облысы IIД жергiлiктi полиция қызметiнiӊ жаӊа басшысы С. Баймұқановты таныстырды. Полиция подполковнигi С. Баймұқанов бұған дейiн Ақмола облысы IIД әкiмшiлiк полиция басқармасы бастығыныӊ орынбасары лауазымын атқарған. Ол, еӊбек жолын 2002 жылы Сандықтау АIIБ де миграциялық полиция инспекторы болып бастаған. Мұнан кейiн облыстық және қалалық iшкi iстер органдарында түрлi қызметтердi атқарған.

Жиында өз саласы бойынша атқарылған жұмыстарға есеп берген облыстық тiлдердi дамыту басқармасыныӊ басшысы А. Бердалин, бүгiнгi күнi облыста 5 мыӊнан астам тыӊдаушы 18 орталықта қазақ және ағылшын тiлдерiн үйренiп жатқанын айтты. Оған қоса "Шаӊырақ" орталығында өз ана тiлiн меӊгеру мақсатында 12 тiлдi үйрену бағытында дәрiстер жүргiзiлуде.

Өз кезегiнде аймақ басшысы, Елбасыныӊ "Үш тұғырлы тiл" саясатына баса назар аударып, осы мақсатта жұмысты жандандыруды тапсырды.

Екiншi сұрақ бойынша аппарат кеӊесiнде облыстық еӊбек инспекциясы басқармасыныӊ басшысы Б. Мұстафин өз саласында атқарылған жұмыстарды баяндады. Оныӊ айтуынша жыл басынан берi аймақта еӊбек дау-дамайына қатысты фактiлер тiркелмеген. Оған қоса ағымдағы жылы анықталған 53.2 млн теӊге жалақы қарызы толғымен өтелген. Сондай-ақ 442 жұмысшыныӊ құқығы қорғалған.

Ветеринариялық ахуал бойынша облыстағы жағдайды осы саланы басқаратын Б. Бұлашев ақпараттандырды. Оныӊ айтуынша облыс аумағында қалыптасқан эпизоотиялық тұрақты жағдай, мал шаруашылығын дамытуға қатысты бағдарламаларды сәттi жүзеге асыруға және ет экспорты жұмысын жандандыруға мүмкiндiк беруде.

Жиын қортындысында барлық сұрақтар бойынша облыс әкiмi нақты тапсырмалар бердi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны