10.10.2017, 18:03 4329

Ақмола облысы Аршалы ауданындағы "жасыл экономикаға" ден қойған мектеп бау-бақша өнімдерімен өз асханасын қамтамасыз етуде

Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Вячеслав орта мектебі еліміздегі "жасыл экономиканы" дамытудыӊ озық үлгісін көрсетіп келе жатқан алдыӊғы қатарлы білім ордаларыныӊ бірі. Жыл сайын мектеп "жасыл" технологияны қолданудыӊ нәтижесінде коммуналдық қызметтерден 3 миллион теӊге көлемінде қаржы үнемдейді.

Көкшетау. 10 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Вячеслав орта мектебі еліміздегі "жасыл экономиканы" дамытудыӊ озық үлгісін көрсетіп келе жатқан алдыӊғы қатарлы білім ордаларыныӊ бірі. Жыл сайын мектеп "жасыл" технологияны қолданудыӊ нәтижесінде коммуналдық қызметтерден 3 миллион теӊге көлемінде қаржы үнемдейді.

Арнасай ауылындағы бұл мектеп еліміздегі "жасыл" технологияларды қолға алып, іске асыра бастаған алғашқы білім ордасы. Оныӊ 30 жылдан астам педагогикалық еӊбек өтілі бар, бұрынғы директоры, "Ақбота" қоғамдық қорыныӊ төрайымы Татьяна Немцан бірнеше жыл ішінде мектепті осындай жоғары деӊгейге көтеріп, жас ұрпаққа заман талабына білім беру жобасын іске қосты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде ЭКСПО-2017 көрмесі өткізілетін болған сәттен бастап жасыл экономиканы дамытуға назар аудару міндетін қойған болатын. Осы орайда, Мемлекет басшысы көрме аясында Астана қаласыныӊ маӊында орналасқан елді мекендерде жасыл технологияларды пайдаланудыӊ озық үлгісін көрсететіндей "жасыл технопарктер", "жасыл ауылдар" қалыптастыруды тапсырған еді. Осыныӊ негізінде бұл жобаға Елордадан 40 шақырым жерде орналасқан Арнасай ауылы тартылған болатын. Соныӊ ішінде Вячеслав орта мектебі де бар. Сол уақытта мектепте экологиялық білім берудіӊ жаӊа модельдері әзірленіп, сәтті енгізіліп дами түсті. Жаӊа бағдарламалар негізінде мектеп оқушылары мен ұстаздары сабақ барысында тәжірибе жүзінде "жасыл" технологияныӊ құралдары мен құрылғыларын пайдаланып, оны іске асырудыӊ нәтижесінде "жасыл экономиканы" меӊгерді. Мектеп Назарбаев зияткерлік мектептерімен бірге, осы істе кеӊінен танылды.

Қазіргі уақытта мектеп пиролизді пешпен жылытылып, суды жылытуға арналған күн батареяларын, су сүзгілерін, сенсорлы крандарды, тамшылатып жер суару құрылғыларын, жарық диодтарынан, күн сәулесінен қуат алатын шамдарды қолданады. Осындай технологияларды пайдалану мен пирамидалық, поликорбанатты жылыжайларды іске қосудыӊ арқасында мекеменіӊ бюджеті айтарлықтай үнемделуде.

-Жыл сайын осы технологиялардыӊ арқасында аудан бюджетінен бөлінетін қаржыныӊ 3 миллион теӊгеден астамы үнемделеді, - дейді мектептіӊ қазіргі директоры Елена Молешкова. -Мектептіӊ ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланатын жері 0,5 гектарды құрайды. Оныӊ 300 шаршы метрі жылыжай. Бау-бақшада көкөністер мен жемістердіӊ 11 түрі өсіріліп, өз асханамызды толықтай қамтамасыз етіп отыр. Осыныӊ негізінде мектеп асханасындағы тағамдардыӊ бағасы басқа мектептермен салыстырғанда біршама арзан, яғни, бір оқушы дәруменге толы кешенді түстік асты 200 теӊгеге іше алады. Технология сабағында жоғары сынып оқушылары технолог маманмен бірлесіп, жемістерден компоттарды, көкөністерден неше түрлі консервіленген өнімдерді дайындап, өздерініӊ қысқы азықтарын әзірлейді.

Сонымен бірге, Вячеслав орта мектебі аумағында осыдан екі жыл бұрын Ұлы Жеӊістіӊ 70 жылдығына орай "Астана ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесі аясында жетпіс түп алма ағаштары отырғызылып, болашақ "ЭКСПО бау-бақшасыныӊ" негізі қаланған.

Жалпы, Вячеслав орта мектебін бірегей мекеме деп атауға болады. Мұнда оқушылар бірінші сыныптан бастап туған жерге, табиғатқа деген құрмет пен сүйіспеншілікке баулынып, тәрбиеленеді. Балалар нақты мысалдар арқылы энергияны тиімді пайдалануға үйреніп, осындай технологияларды қолданудыӊ нәтижесін көріп өседі. Қазір олар тамшылатып суару әдісін және су себуге арналған жаӊбырлатқыш саптамаларды қолданысқа енгізіп отыр.

Сонымен бірге, Вячеслав орта мектебі оқушылары "жасыл" экономика және экология тақырыбында өткізілетін түрлі облыстық, республикалық халықаралық байқаулар мен конкурстарға белсене қатысып, жеӊімпаз атанып жүлделі орындардан көрінуде. Сонымен бірге, олар өздері дайындаған жобаларын мектепте іске асырып отырады. Қазір мектеп оқушылары қала және ауыл шаруашылығын дамытуға энергия көзін тиімді пайдалану тұрғысынан келу, жертөле жайларында аквамәдениетті қалыптастыру секілді жаӊа жобалармен айналысуда.

Бүгінде білім ордасы "жасыл" экономика мен экологияныӊ тиімді тәсілдерін пайдалану мен қолдану бойынша елімізде үлгі тұтарлық мекемеге айналып отыр, деп жазады жергілікті басылымдар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны