04.09.2017, 12:26 4869

Ақмола облысы орталығында сөйлеу қабілеті дұрыс дамымаған балаларға арналған балабақша құрылысы жоспарлануда

Көкшетау қалалық білім бөлімініӊ басшысы Бейбіт Жүсіпов өзі басқарып отырған саланыӊ жетістіктері мен олқы тұстарын ортаға салып, алдағы оқу жылында атқарылар міндеттерді баяндады.

Көкшетау. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысы орталығында сөйлеу қабілеті дұрыс дамымаған балаларға арналған 240 балаға шақталған балабақша құрылысы жоспарлануда,- деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақмола облысы орталығындағы "Достар" мәдениет сарайында жылдағы дәстүр бойынша Көкшетау қаласы білім қызметкерлерініӊ тамыз кеӊесі өтті.

Көкшетау қалалық білім бөлімініӊ басшысы Бейбіт Жүсіпов өзі басқарып отырған саланыӊ жетістіктері мен олқы тұстарын ортаға салып, алдағы оқу жылында атқарылар міндеттерді баяндады.

Қазіргі заманда білім беру жүйесін дамытудыӊ басым бағыттарыныӊ бірі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласы болып табылады. Көкшетау қаласында бұл мәселе оӊтайлы шешіліп келеді. Өткен оқу жылында облыс орталығында 240 орынға лайықталған "Мирас" және 280 орындық "Көктем" мемлекеттік балабақшалары пайдалануға берілді. Бұдан басқа "Білім әлемі" атты жекеменшік балабақша да кеӊейтіліп балабақша кезегінде тұрған бала санын азайтуға септігін тигізді. Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік тілде оқимын деген балалар саны артуда. Мәселен, қалада барлығы 300 топ болса, оныӊ 193-і қазақ тілінде білім беретін топтар. Ағымдағы жылы "Мейірім" атты балаларды дамыту коррекциялық орталығы ашылды. Сонымен қатар, сөйлеу қабілеті дұрыс дамымаған балаларға арналған 240 балаға шақталған балабақша құрылысы жоспарда бар.

Қазіргі таӊда Көкшетау қаласында барлығы 26 мектеп бар. Қала мектептерінде барлығы 22325 оқушы оқиды. Олардыӊ 10502-сі мемлекеттік тілде білім алады. Өткен оқу жылдарымен салыстырғанда "Алтын белгі" иегерлерініӊ саны үш есеге артқан. 11 сыныпты тәмамдаған 838 түлектіӊ 739-ы жоғары оқу орнына түссе, олардыӊ 374-і білім гранттарын жеӊіп алды. Ал, 99 бала орта кәсіптік колледждерде оқитын болады. 2016-2017 оқу жылында Көкшетау қаласындағы гуманитарлық-техникалық лицейінде 5-ші сынып мемлекеттік тілде оқытылатын болады. Жалпы, жыл санап қазақша оқимын деген балалар саны артып келеді. Олардыӊ арасында өзге ұлт өкілдері бар.

Жаӊартылған білім мазмұнына орай, 361 мұғалім қайта даярлаудан өтіп, біліктіліктерін арттырды. Ирине, өзініӊ кәсіби деӊгейін арттыру үшін әр педагог үнемі шығармашылық ізденісте болуы керек. 2016-2017 оқу жылыныӊ қорытындысы бойынша "Орта білім беретін еӊ үздік мекеме" байқауында қала мектептері ішінде №5 "Таӊдау" мектеп-гимназиясы үздік деп танылып, гран-при иеленіп, сертификатпен марапатталды. Білім беру ұйымдарыныӊ жүйесін жаӊғыртудыӊ негізгі бағыты мұғалімдердіӊ беделін көтеру болып табылады. Біздіӊ мақсатымыз - әдістемелік кабинеттер, электрондық порталдар, бұқаралық ақпарат құралдары, педагогикалық шеберлік сайыстары арқылы жұмыс істеп жатқан мұғалімдерді шығармашылық тұрғыдан қолдау көрсету және олардыӊ озық тәжірибелерін тарату,- деді Бейбіт Жүсіпов. Бірқатар мектеп асханаларына, спорт залдарына, қазандықтарға, жаӊа пән кабинеттеріне қажетті құрал-жабдықтар алынды,- дей келіп, алдағы оқу жылында оқушылардыӊ білім сапасына басты назар аудару керек екендігін баса айтты.

Жарыссөзге Көкшетау қаласындағы №11 орта мектептіӊ бастауыш сынып мұғалімі Татьяна Чмеленко, "Үздік педагог-2017" байқауыныӊ жеӊімпаздары Серік Қошанов пен Исел Қалиева, №5 "Таӊдау" мектеп-гимназиясыныӊ директоры Дина Башарова сөз сөйлеп, білім биігін бағындыру үшін жеӊіс пен табанды еӊбек қажет екендігін баса айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кеӊес жұмысына қала әкімі Ермек Маржықпаев қатысып, сөз сөйлеп, білім беру саласында жақсы жетістіктерге қол жеткізген оқу орындары басшыларын, мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілерін Алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

Келелі жиынға қалалық мәслихаттыӊ хатшысы Бауыржан Ғайса, сала басшылары, ардагер ұстаздар, білім қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Тамыз кеӊесін қорытындылаған қала әкімі Ермек Маржықпаев алдағы уақытта да білім саласын қаржыландыру мәселесінде еш кедергі болмайтынын айтып, бірқатар жас педагогтар мен биік білім нәтижелерімен көзге түскен ұстаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етіп, алдағы оқу жылында да барлық қала педагогтарына осылай білімніӊ биік асуларынан көріне берулеріне тілектестігін білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны