01.08.2018, 07:03 3943

Ақмола облысында бала асырап алушы отбасыларға арналған семинар-тренинг өтті

Ақмола облысы Біржан сал ауданы Степняк қаласындағы №1 орта мектепте жетім балалар мен ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған балалардыӊ отбасылық құрылымын жақсарту үшін семинар-тренинг өткізілді

Көкшетау. 1 тамыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысы Біржан сал ауданы Степняк қаласындағы №1 орта мектепте жетім балалар мен ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған балалардыӊ отбасылық құрылымын жақсарту үшін семинар-тренинг өткізілді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Шараны ұйымдастырушы Ақмола облыстық "Ана үйі" қоғамдық қоры 2013 жылдан бастап өз қызметін жүзеге асырады. Қазіргі уақытта қордыӊ мамандары баланы мекемеден отбасына асырап алуға тілек білдірген азаматтарға жеке ақпараттық-консультациялық жұмыс және ата-аналар мектебінде оқыту арқылы көмектеседі.

Аталған тренинг "Отбасы - жоғалтудан зардап шеккен бала үшін ресурс ретінде" тақырыбында өткен. Мұнда бала асырап алушы ата-аналар ғана емес, оқу бөлімініӊ әдіскерлері, аудандағы мектептердіӊ психологтары да қатысқан.

Семинар барысында отбасын ұйымдастырушылық және құқықтық қолдау, балаларды ұйымдастырудыӊ құқықтық негіздері, бала асырап алушы отбасын құруды құқықтық қамтамасыз ету, ата-аналардыӊ, мемлекеттік органдардыӊ және балалардыӊ өздерініӊ құқықтары мен міндеттерін талқылау сияқты маӊызды мәселелер талқыланды. Тыӊдаушылар әлеуметтік қолдау және асырау қорыныӊ психолог-кеӊесшісі Сергей Комаровтыӊ жұмысын жоғары деӊгейде бағалады.

Сондай-ақ, "Жанұя" орталығыныӊ маманы Динара Дәулетқызы қатысушыларға патронаттық тәрбие мен бала асырап алудыӊ айырмашылығын түсіндірді. Тәрбиеленушілердіӊ психологиялық проблемалары, патронаттық отбасында болу кезіндегі қиындықтар, бейімделу кезеӊі туралы көп айтылды. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай шараларды өткізудіӊ маӊыздылығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны