06.11.2017, 18:52 4316

Ақмола облысында "Бір ел - бір кітап" акциясы бойынша телемарафон басталды

Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі және "Қазақстан-Көкшетау" телеарнасыныӊ ұйымдастыруымен жалпы жұртшылық үшін өте пайдалы телемарафон өз жұмысын бастады. Ондағы мақсат ел назарын әдеби мұрамызға аударып, ұлттық және әлемдік әдебиеттіӊ жауһарларын насихаттау.

Көкшетау. 6 қараша. Kazakhstan Today - Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі және "Қазақстан-Көкшетау" телеарнасыныӊ ұйымдастыруымен жалпы жұртшылық үшін өте пайдалы телемарафон өз жұмысын бастады. Ондағы мақсат ел назарын әдеби мұрамызға аударып, ұлттық және әлемдік әдебиеттіӊ жауһарларын насихаттау.

Қазіргі уақытта жастардыӊ компьютерлік технологияға көӊілдері ауып отырғандығы белгілі. Ал, көркем әдебиет назардан тыс қалуда.

Міне, сондықтан да телемарафонныӊ негізі ретінде республикалық "Бір ел - бір кітап" акциясы бойынша таӊдалған Сұлтанмахмұт Торайғыровтыӊ "Қамар сұлу" романы алынып отыр.

Жазушыныӊ алғашқы кесек шығармаларыныӊ бірі - аталмыш роман жарық көргелі арада қанша уақыт өтсе де, мәнін жоғалтпайтын, оқырманныӊ дүниетанымын кеӊейте түсетін, тілі кестелі шығарма.

Телемарафон жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласыныӊ "Рухани қазына" бағыты бойынша жүзеге асырылуда.

Осылайша жастардыӊ бойындағы адами құндылықтар негізін бекіте түсуге талпынып отырмыз. Таратып айтатұғын болсақ, телекамера алдында "Тыныс" акционерлік қоғамы, "Көкше Тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігініӊ жұмысшылары, мектеп оқушылары, жоғары оқу орындарыныӊ студенттері романнан үзінділер оқитын болады.

Көркем тілмен кестеленген қомақты шығарманы оқуға өзге де саланыӊ өкілдері қатыстырылады. Ондағы ой барынша кеӊірек қамтып, көпшілік назарын әсерлі әдебиет айдынына аудару. Жоба ұзақ мерзімді болғандықтан, әр жыл сайын осындай шаралар үзбей өткізіледі, деп хабарлайды Іӊкәр Ысқақова, Көкшетау қалалық кітапханасыныӊ бөлім меӊгерушісі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны