30.11.2009, 13:47 2909

Ақмола облысында бұрынғы балабақшалардың 15 ғимараты коммуналдық меншікке қайтарылады

Ақмола облысында бұрынғы балабақшалардың 15 ғимараты коммуналдық меншікке қайтарылады

Көкшетау. 30 қараша. Kazakhstan Today - Ақмола облысында бұрынғы балабақшалардың 15 ғимараты коммуналдық меншікке қайтарылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "таяу уақыттарда жаңа мини-орталықтар пайдалануға беріледі, бұрынғы балабақшалардың 15 ғимаратын коммуналдық меншікке қайтару жұмыстары жүргізілуде".

Балабақша тапшылығы әсіресе Көкшетау қаласында ерекше сезілуде, онда мектепке дейінгі мекемелерге 7 мыңдай бөбек кезекте тұр, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны