12.09.2017, 14:12 3934

Ақмола облысында Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш орнатылды

Ақмола облысыныӊ Степногор қаласында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында қазақтан шыққан тұӊғыш академик Қаныш Сәтбаевқа еӊселi ескерткiш орнатылды.

Көкшетау. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ Степногор қаласында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында қазақтан шыққан тұӊғыш академик Қаныш Сәтбаевқа еӊселi ескерткiш орнатылды.

Оныӊ ашылу салтанатына елiмiздiӊ танымал тұлғалары, геологтар мен ғалымныӊ ұрпақтары қатысты. Қаныш Имантайұлыныӊ жас шағы бейнеленген қола мүсiннiӊ биiктiгi, тұғырымен қосқанда, 8 метрдей.

Туындыныӊ авторы - Қазақстан суретшiлер одағыныӊ мүшесi, мүсiншi Азат Баярлин. Айта кетейiк, ғұлама ғалымға елiмiздiӊ бiрқатар қаласында және Ресейдiӊ Томбы қаласында да ескерткiш қойылған.

Илима Жармағамбетова, Қ.Сатпаевтыӊ немересi:

- Қарағанды, Сәтпаев, Жезқазған және Екiбастұз секiлдi өнеркәсiптiк қалалардыӊ барлығын да атамызға ескерткiш орнатылған. Ендi, мiне, өӊiрдiӊ бiрден-бiр өндiрiстiк шаһары саналатын Степногорда да осындай монумент бой көтердi. Бұл бiздi қатты қуантады. Елiмiздiӊ индустриялық дамуы атамныӊ арманы болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны