17.08.2017, 16:51 4744

Ақмола облысында кәсіпкер Уәли хан кесенесін абаттандырып жатыр

Ақмола облысында Уәли хан кесенесiнiӊ басында құран оқылып, ас берiлдi. Шараға аймақ басшысы Мәлiк Мырзалин, жергiлiктi дiн өкiлдерi, ардагерлер, тарихшылар және ханныӊ ұрпақтары қатысты,- деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Көкшетау. 17 тамыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысында Уәли хан кесенесiнiӊ басында құран оқылып, ас берiлдi. Шараға аймақ басшысы Мәлiк Мырзалин, жергiлiктi дiн өкiлдерi, ардагерлер, тарихшылар және ханныӊ ұрпақтары қатысты,- деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Еске сала кетейiк, Зерендi ауданындағы Қазақстан ауылыныӊ оӊтүстiк-шығыс жақ тұсында орналасқан Уәли хан кесенесi 2008 жылы ханныӊ 270 жылдығына орай тұрғызылған. Ескерткiш қызыл кiрпiштен төрт бұрышты етiп қаланған. Төбесiне жарты айы бар күмбез орнатылған. Жалпы аумағы 1920 шаршы метрдi, қабырғаларыныӊ биiктiгi 8 метрдi құрайды. Уәли ханныӊ сүйегi өз заманында түрлi саяси қайшылықтарға байланысты өзге қазақ хандары сияқты Түркiстанда емес, туған жерiнде жерленген.

Бастапқыда бұл жерде белгi тас қана болған. Оныӊ өзiн ханныӊ немересi 1804 жылы орнатқан. Кеӊестiк дәуiрде бұл жерге ешкiм көӊiл бөлмеген. Сол себептi, зират қараусыз қалған. "Бұл жерде Абылай ханныӊ әйелi Сайман ханым мен тоқалдары да жерленген деген деректер бар", - дейдi ханныӊ ұрпағы Сансызбай Мұхитанов.

Оныӊ уәжiне қарағанда, ханныӊ зираты талай рет тоналған. Тiптi, бiр кездерi осы маӊда ойнап жүрген балалар жер бетiнде шашылып жатқан адамныӊ сүйектерiн де тауып алған. Үлкендер ол сүйектердi обал болады деп қайта жерлеген. Кейiн ел болып ханныӊ басын көтерген.

Ел тәуелсiздiгiн алған соӊ, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы бұл жердi мемлекет қорғауына алды. Ендi оны "Азия-Агрохим" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi "Туған жер" бағдарламасы шеӊберiнде өз қаржысына абаттандырып жатыр. Бұл аталмыш бағдарлама бойынша облыста жүзеге асырылып жатқан алғашқы жоба. "Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз мақаласында Қазақстанныӊ киелi жерлерiнiӊ тiзiмiн жасау туралы тапсырма берген болатын. Осы күнi бұл жоба елiмiздiӊ барлық өӊiрлерiнде қолға алынып, нақты жұмыс атқарылуда. Оныӊ iшiнде киелi орын болып саналатын және ел тарихында елеулi орын алатын тарихи тұлғалардыӊ жерленген орындары мен құнды жәдiгерлердi анықтап, жан-жақты мәлiмет жинау, жұртшылыққа кеӊiнен таныстыру да бар.

Уәли ханныӊ кесенесiн абаттандыру да сол ауқымды шаралардыӊ басы. Алдағы уақытта өзге де тарихи тұлғалардыӊ зираты мен киелi орындарды қалпына келтiретiн боламыз. Осындай игi iстерге қол ұшын созып отырған жергiлiктi кәсiпкерлерге алғысымды бiлдiремiн", - дедi облыс әкiмi өз сөзiнде. Хан кесенесiн жаӊғырту жұмысына Борис Козлов басқаратын "Азия-Агрохим" серiктестiгi демеушiлiк көмек ретiнде 6,5 миллион теӊге қаржы бөлген. Ол қаржыға ескерткiштiӊ аумағы қоршалып, бедер тастар төселдi. Сонымен қатар, ханныӊ басына мiнәжат етушiлер мен туристер үшiн орындықтар орнатылып, ағаш көшеттерiн отырғызу жоспарланған. Аталмыш серiктестiктiӊ демеушiлiгiмен ханныӊ құрметiне ас берiлдi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны