05.10.2017, 18:41 5568

Ақмола облысында "Киелі Қазақстан" бағдарламасын орындауға арналған дөӊгелек үстел шарасы өтті

Тарихи ескерткіштерді қорғау орталығы директорыныӊ айтуынша, республикалық киелі орындар картасына енуге лайықты орындар облыста әлі де аз емес. Оған қоса, зерттелмеген тарихи ескерткіштер де әр өӊірде жетерлік.

Көкшетау. 5 қазан. Kazakhstan Today - Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласында атап көрсетілген Қазақстанныӊ киелі орындарын анықтап, тізбесін жасауға бағытталған "Киелі Қазақстан" бағдарламасын орындауға арналған дөӊгелек үстел шарасы өтті.

Оған аудан әкімдерініӊ орынбасарлары мен мәдениет бөлімдерініӊ және музейлердіӊ басшылары қатысты. Шараны ашып, жүргізген облыстық мәдениет басқармасыныӊ басшысы Сәуле Бөрібаева Мемлекет басшысыныӊ мақаласында көтерілген еліміздіӊ киелі орындарыныӊ географиясын жасау мәселесіне арналып облыста бірнеше мәжіліс өткізілгендігін және осы бағытта айтарлықтай жұмыстар атқарылғандығын айта келе, еліміздіӊ киелі орындарыныӊ картасына енген 100 тарихи ескерткіштердіӊ 10-ы облыс аумағында екендігін, десек те бұл бағытта әлі де көп шаруалар атқарылуы қажеттігін атап өтті.

Осы шараға арнайы келген Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетініӊ аға оқытушысы, тарих ғылымдарыныӊ докторы Жамбыл Артықбаевтыӊ айтуынша, биылғы жылдыӊ соӊына дейін баспадан шығатын Астана қаласы мен Ақмола облысыныӊ тарихи танымал тұлғалары мен ескерткіштерін қамтитын энциклопедия құрастырылуда. Онда, облысымыздыӊ барлық өӊірлеріндегі тарихи ескерткіштер жан-жақты қамтылатын болады. "Киелі орындары мен тарихи ескерткіштері мүлде жоқ өӊірлер де бар, осыған орай, мұндай өӊірлерде зерттеу жұмыстары жүргізілуі қажет" ,- деген ғалым облыс аумағындағы ондай ескерткіштер мен орындар жайында жан-жақты айтып берді. Қорғалжын, Ерейментау, Атбасар, Бурабай аудандарыныӊ аумағында орналасқан ондай ескерткіштер мен орындар жақсы зерттелген және халыққа біршама танымал болса, Астрахан, Ақкөл, Жарқайыӊ сияқты аудандарда тарихи ескерткіш те, киелі орындар да жоқ деген жөн емес дейді тарихшы.

Шындығында, қазақтыӊ елді мекендері мен жер-су атауларыныӊ бәрініӊ астарында аӊыз және тарихи шындық бар. Мәселен, тарихи ескерткіштері жоқ деп саналып келген Аршалы ауданыныӊ аумағындағы Домбыралы, Моншақты деген жер атауларыныӊ арғы негізінде "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырындағы Айбас батырдыӊ сапарға шығып, жолда әртүрлі заттарын қалдырып кетуінен туған аӊыз жатыр деп санайды ғалым. Аталмыш жырда Домбыралы да, Моншақты атауы да бар. Яғни, бұл аӊыз әӊгімелерді зерттеп, зерделей отырып, сол өӊірдегі тарихи ескерткіштер мен киелі орындарды табуға болады деген сөз.

Тарихи ескерткіштерді қорғау орталығыныӊ директоры Қуаныш Шақшақов республикалық киелі орындар картасына облыстан енген нысандарға жан-жақты тоқталды. Ондай ескерткіштердіӊ қатарында Ерейментау ауданыныӊ аумағында орналасқан Құмай ескерткіштер кешені, Бытығай кесенесі, Бурабай ауданындағы Абылай хан алаӊы мен осы кешенге кіретін тарихи орындар, аӊыз әӊгімелерге негіз болған Оқжетпес шыӊы, Целиноград ауданындағы Қабанбай батыр кесенесі, Жақсы ауданыныӊ аумағындағы Баубек батыр мазары сияқты орындар бар. Киелі орын деп аты айтып тұрғандай, мұндай жерлерге халық көп барып, кие тұтып мінәжат етуі керек. Өкінішке орай, облысымыздыӊ аумағында орналасқан осындай киелі орындарға баратын адамдар онша көп емес. Тіпті, Ерейментау ауданыныӊ тұрғындары сол өӊірде орналасқан Құмай тарихи ескерткіштер кешені туралы ештеӊе білмейді екен. Осы орайда, облыстық мәдениет басқармасыныӊ басшысы Ерейментау аудандық мәдениет бөлімі мен музей басшылығына барлық аудандарға хат жазып, тарихи ескерткіш туралы мәліметтерді жіберуді тапсырып, содан кейін мектеп оқушылары мен оқу орындары студенттеріне аталмыш тарихи орынды таныстыру үшін саяхаттар ұйымдастырылғаны жөн болар еді деген ұсынысын білдірді.

Тарихи ескерткіштерді қорғау орталығы директорыныӊ айтуынша, республикалық киелі орындар картасына енуге лайықты орындар облыста әлі де аз емес. Оған қоса, зерттелмеген тарихи ескерткіштер де әр өӊірде жетерлік.

Яғни, бұл бағытта әлі де көп жұмыстар атқарылуы тиіс.

-Сіз құрастырып жатқан энциклопедияға енуге тиіс тарихи тұлғалардыӊ арасында осы өӊірден шыққан Қанай би, Мәлік Ғабдуллин және Мыӊбай Ысқақов болуға лайықты, -деді М.Ғабдуллин музейініӊ директоры Құдайберлі Мырзабек. -Қанай би үш жүздіӊ басын қосқан атақты Абылайға қорған болып, оныӊ сондай биікке жетуіне қолғабыс берген Атығай-Қарауылдыӊ көсемі, Мәлік Ғабдуллин қазақтан тұӊғыш Батыр атағын алған адам және батырлар жырын зерттеген ғалым, ал, Мыӊбай Ысқақов қазақ күнтізбесін жасаған талантты математик ғалым.

Дөӊгелек үстел басындағы бас қосуда айтылған жайлардыӊ бәрі облысымыздыӊ аумағында зерттелмеген тарихи ескерткіштер мен киелі орындардыӊ әлі де көп екендігіне, алдағы уақытта осы бағытта жұмыстар жүргізу, сөйтіп, киелі орындар мен тарихи ескерткіштер картасын толықтыру керектігі жайындағы пікірлермен тоғысты. Астанадан келген ғалым Жамбыл Артықбаев жыл соӊына дейін жарық көретін энциклопедиялық жинақтыӊ осымен бітпейтінін, алдағы жылдарда жалғасатынын айта келіп, жергілікті құзырлы органдар өз өӊірлеріндегі киелі орындарды ашу бағытындағы жұмысқа көмек көрсетсе деген тілегін жеткізді.

Жергілікті жерлердегі киелі орындарды анықтау, оны халық көп баратын шын мәніндегі киелі жерлерге айналдыру - еӊ алдымен, ұлттық санамызды жаӊғыртуға және жастарымыздыӊ бойындағы елжандылық, ұлтжандылық, яғни, отансүйгіштік қасиеттердіӊ дамуына игі ықпалын тигізетіні анық. Бұл мәселеніӊ маӊыздылығы да осында болса керек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны