26.07.2017, 19:04 3819

Ақмола облысында қола дәуіріне жататын ескерткішке Түркиядан келген делегация үлкен қызығушылық танытты

Ерейментау ауданындағы "Құмай" археологиялық-этнографиялық кешенiне құрамында археолог Мұстафа Калкан бар түркиялық делегация келдi.

Көкшетау. 26 шілде. Kazakhstan Today - Ерейментау ауданындағы "Құмай" археологиялық-этнографиялық кешенiне құрамында археолог Мұстафа Калкан бар түркиялық делегация келдi. Атап өту керек, "Құмай" ескерткiшi "Туған жер" бағдарламасы аясында облыстық "киелi нысандар" картасына енгiзiлген жәдiгердiӊ бiрi. Бұл ескерткiштiзерттеушiлер ежелгi және ортағасырлық уақытқа жатқызады. Астананыӊ шығысынан 100 шақырым жерде орналасқан бұл ескерткiш Түркиядан келген меймандар көӊiлiнен шықты. Исiресе олар қасиеттi мекен саналатын "Құмай" кешенiнде "балбалтастыӊ" шығу тарихына аса қызығушылық танытып, оны зерттеу - зерделеу жұмысына қатысуға ниет бiлдiрдi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны