11.04.2018, 16:06 4100

Ақмола облысында "Отаныма деген меніӊ бастамам" атты шығармашылық жобалар байқауы өтті

Көкшетау қаласы №1 құрылыс-техникалық колледжініӊ базасында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ аясында "Отаныма деген меніӊ бастамам" атты облыстық шығармашылық жобалар байқауы өтті, деп хабарлайды Ақмола облысыныӊ Ішкі саясат басқармасы

Көкшетау. 11 сәуір. Kazakhstan Today - Көкшетау қаласы №1 құрылыс-техникалық колледжініӊ базасында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ аясында "Отаныма деген меніӊ бастамам" атты облыстық шығармашылық жобалар байқауы өтті, деп хабарлайды Ақмола облысыныӊ Ішкі саясат басқармасы.

Аталған шараға облыстыӊ жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарыныӊ оқушылары арасындағы байқаудыӊ аудандық, Көкшетау және Степногорск қалалық кезеӊдерініӊ жеӊімпаздары қатысқан.

Байқаудыӊ мақсаты: балалар қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерініӊ арасындағы балалар мен жастар бастамаларыныӊ дамуына ықпал ету. Ал, балалар мен жастардыӊ назарын әлеуметтік өзекті мәселелерге аудару, әлеуметтік-шығармашылық белсенділіктерін, өзін-өзі дамыту қажеттілігін жетілдіру, азаматтық және құқықтық мәдениет деӊгейін арттыру, инновациялық бастамалар мен стартаптарды жүзеге асыру алаӊын құру, қоғамдық белсенділік пен әлеуметтік жобалау дағдыларын дамыту, балалар мен жастардыӊ табысты жобалық тәжірибелерін бағалау және тарату, іс-шараларға тарту арқылы балалардыӊ қосымша білім берумен көп қамтылуына ықпал ету байқаудыӊ негізгі міндеттері болып табылады.

Айта кеткен жөн, жобалар "Өз жылуыӊмен бөліс!", "Туған қалама - ізгі істер", "Мен - Қазақстан азаматымын", "Медиа жобалар", "Меніӊ кіші Отаным", "Қазақстанныӊ жеті кереметі", "Қазақстанныӊ 100 жаӊа тұлғасы", "Жаӊару полюсі", "Киіз үй -ғаламзаттыӊ моделі" номинациялары бойынша өткізілді.

Ир номинацияныӊ өз тақырыптық бағыттылығы, мақсаты, іске асыру әдісі, көрнекті құралдары, техникалық тәсілдері, заман сұраныстарына сәйкестілігі бар.

Шығармашылық жобалар байқау шарттарына сәйкестілігі, жобаныӊ әлеуметтік тиімділігі, міндеттеріне қарай әрекеттер жоспарыныӊ болуы, жобаны іске асыруға қажетті талаптарды сипаттау, автордыӊ жеке өзі қосқан үлесі, жұмысты рәсімдеу сияқты белгілерге қарай бағаланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны