11.05.2010, 10:42 1571

Ақмола облысында тарих мұғалімі өз қаржысына Ұлы Отан соғысында қаза тапқан әскерлердің аналарына арнап ескерткіш ашты

Ақмола облысында тарих мұғалімі өз қаржысына Ұлы Отан соғысында қаза тапқан әскерлердің аналарына арнап ескерткіш ашты

Көкшетау. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Ақмола облысының Зеренді ауданындағы бұрынғы Қарлыкөл ауылының орнында 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай соғыста қаза тапқан әскерлердің аналарына арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Жаратқанға жалбарынып отырған әйелдің бейнесіндегі ескерткішті тұрғызуға 10 мың доллардан астам қаржы жұмсалған. Жергілікті мектептің тарих пәнінің оқытушысы Төлеген Ерден көп жыл бойы ақша жинап, ақырында өз арманын іске асырды.

"Бұл соғыста қаза тапқан боздақ әскерлер мен көп қайғы жұтқан олардың аналардың құрметіне арналған ескерткіш. Бұл туралы ұмытуға болмайды, Ұлы Отан соғысының батырлары біздің жадымызда сақталуға тиіс. Солардың ерлігінің арқасында біз еркін елде өмір сүріп жатырмыз", - деді Төлеген Ғибратұлы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны