19.09.2018, 16:15 4235

Ақмола облысында тауық етінен ұзындығы 220 метр кәуап дайындалып жаӊа әлемдік рекорд орнатылады

Кәуап дайындау үшін 400 килограмнан астам тауық еті пайдаланылады. Шамамен 3 мыӊнан астам адам оныӊ дәмін татады деп болжамдалады.

Көкшетау. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 28 қыркүйегінде Макинск қаласында жаӊа әлемдік рекорд орнатылады. Макинск құс фабрикасыныӊ 200-ден астам қызметкері тауық етінен ұзындығы 220 метр кәуап дайындайды. Рекорд ресми түрде Гиннестіӊ рекордтар кітабында тіркеледі.

"Айта кету керек, рекордтар кітабына енген алдыӊғы рекорд 2007 жылы Сингапурда орнатылған еді, сол кездегі кәуаптыӊ ұзындығы 140 метрді құрады. Біз барлық қазақстандықтарды біздіӊ мерекеге атсалысуға шақырамыз" - деп атап өтті "Aitas KZ" АҚ құрылтайшысы және бас директоры Серік Толықпаев.

Кәуап дайындау үшін 400 килограмнан астам тауық еті пайдаланылады. Шамамен 3 мыӊнан астам адам оныӊ дәмін татады деп болжамдалады.

Рекордты орнату қуаттылығы жылына 50 000 мыӊ тонна құс етін дайындайтын - "Макинск құс фабрикасы" ЖШС - Орта Азия және Қазақстанда еӊ алып құс фабрикасыныӊ ашылуына орайластырылған. Бұл қуаттылығы, техникалық жабдықталуы және инвесторлардыӊ құрамы жағынан бірегей жоба болып табылады, инвесторлар қатарында - "Aitas KZ" АҚ, Еуропа Қайта құру және даму банкі, Baiterek Venture Fund венчурлық қоры, кредиторы "Қазақстан даму банкі" АҚ болып табылады.

Жоба аясында инкубация, құс өсіру, сою және мүшелеу, тоӊазыту және қаптау, сою қалдықтарын қайта өӊдеу саласында еӊ үздік заманауи технологияларды пайдалану, әлемдік өндірушілердіӊ технологиялық жабдықтарыныӊ қолданылуымен жемшөп өндіру көзделген.

Макинск құс фабрикасы Қазақстан тұрғындарын Дайын өнімге, экологияға қойылатын Еуропалық сапа талаптарыныӊ ескерілуімен, тірі құсқа адамгершілікпен қарау, Халал стандартыныӊ нормативтерін сақтай отырып өндірілген сапалы өніммен қамтамасыз етеді.

"Aitas KZ" АҚ-бұл вертикальды-интеграцияланған Холдинг, өз құрамында өсімдік шаруашылығы, құс шаруашылығы және ет өӊдеу саласындағы кәсіпорындарды біріктіреді. Холдинг құрамына 11 компания кіреді, оныӊ ішінде жылына 25 000 мыӊ тонна ет өндіру қуаттылығымен бройлер етін өндіру және қайта өӊдеу бойынша табысты заманауи кәсіпорын - Өскемен құс фабрикасы және Макинск құс фабрикасы, оныӊ қуаттылығы 2020 жылы жылына 50 мыӊ тонна ет өндіруге дейін жетеді (2020 жылға дейін қуаттылығы жылына 25 000 мыӊ тонна ет).

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны