17.05.2017, 16:35 2776

Ақмола облысында учаскелік инспекторларға жаӊа 18 қызмет көлігі тапсырылды

Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин iшкi iстер департаментi құрылымдарыныӊ жұмысымен танысып, учаскелiк инспекторларға қызмет көлiктерiнiӊ кiлтiн тапсырды.

Көкшетау. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин iшкi iстер департаментi құрылымдарыныӊ жұмысымен танысып, учаскелiк инспекторларға қызмет көлiктерiнiӊ кiлтiн тапсырды. Облыс басшысы алдымен Тәуелсiздiк алаӊында сап түзеген облыстық iшкi iстер департаментi салалық қызметтерiн аралап көрдi. Исiресе, қазiргi заманғы озық құрылғылармен жарақталған жылжымалы криминалдық сараптама зертханасыныӊ жұмысына оӊ бағасын бердi. Қылмыс түрлерiн, оныӊ iшiнде бүгiнде қауiптi сипат алған есiрткi тарату қылмысын ашуға көп көмегiн тигiзетiн кинологтар құрылымыныӊ жұмысына да назар аударды.

Жергiлiктi жерлердегi қоғамдық тәртiптi, жол қауiпсiздiгiн сақтау сияқты маӊызды жұмыстарды атқаратын учаскелiк инспекторларға жүктелер мiндет жүгi ауыр. Осыған орай, облыстық әкiмдiк жергiлiктi полиция қызметiн техникалық жағынан жабдықтау мәселесiн шешуге жете көӊiл бөлуде. Өткен жылы жергiлiктi полиция қызметiне 42 автокөлiк берiлсе, облыс басшысы бұл күнi барлық өӊiрлерден келген учаскелiк инспекторларға тағы 18 жеӊiл автокөлiктiӊ кiлтiн табыс еттi.

- Елбасымыздыӊ тапсырмасы бойынша құрылған жергiлiктi полиция қызметi бүгiнде өздерiне жүктелген ауыр да жауапты мiндеттi абыроймен атқаруда. Өткен жылы қылмыс көлемi оныӊ алдындағы жылмен салыстырғанда бiршама кемiп, қылмысты ашу көрсеткiшi жақсара түстi. Мұныӊ бәрi жергiлiктi полиция қызметiнiӊ өз парыздарын адал орындауыныӊ нәтижесiнде келген жетiстiктер, - дей келе, облыс басшысы халықпен қоян-қолтық араласып, жұмыс iстейтiн учаскелiк инспекторлардыӊ жұмысыныӊ ауырлығын да атап өттi. Сондай-ақ, бүгiнгi күнi тапсырылып отырған автокөлiктер учаскелiк инспекторлардыӊ өз жұмыстарын жоғары деӊгейде атқаруына игi ықпалын тигiзедi деген сенiм бiлдiрдi.

Бұдан кейiн облыс басшысы барлық аудандардан келген учаскелiк инспекторларға тиiстi құрылғылармен жарақталған "Нива" жеӊiл автокөлiгiнiӊ кiлтiн табыс етiп, жергiлiктi жерлердегi құқық қорғау органдары мен қылмысқа қарсы күресiп келе жатқан полиция қызметкерлерiнiӊ жұмыстарына сәттiлiк тiледi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны