04.07.2014, 20:15 3848

Ақмола облысында ұлттық спорт түрлерінің спартакиадасы басталды

Ақмола облысында жыл сайынғы ұлттық спорт түрлерінің "Құлагер" облыстық спартакиадасы басталды. Оған 5 мыңнан астам адам қатысады.

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan today. Ақмола облысында жыл сайынғы ұлттық спорт түрлерінің "Құлагер" облыстық спартакиадасы басталды. Оған 5 мыңнан астам адам қатысады.

Биыл облыстық спартакиада Ақмола облысы Қараөткел жерінен шыққан атақты Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналып отыр. Балуан Шолақ заманында иісі қазаққа дүлей күшімен танылған балуан болған. 35 жасында жәрмеңкеде 51 пұт (816 кг) кір тасын көтеріп айды аспаннан шығарған еді. Бала кезінен күреспен шұғылданған ол 14 жасында 20 жасар жігіттерді жыққан деседі.

Астрахан ауданында облыстың ұлттық және халықтық спорт түрлерінің өкілдері бас қосып, 14 спорт түрінен 3 кезең бойынша сынға түсуге дайындалуда, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, облыстағы дәстүрлі спартакиаданың өтетін орнының жыл сайын өзгеріп отыруының да өзіндік мәні жоқ емес. Ондағы мақсат шараның өткізілетін жеріндегі спорттық нысандардың қалыпқа келтіріліп, елдің игілігіне ұсынылуы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны