18.09.2017, 16:38 4339

Ақмола облысында жұмыспен қамту мәселесіне қатысты ҚР Парламенті Мәжілісі комиссиясыныӊ көшпелі жиыны өтті

"Қазiр облыста күзгi жиын-терiм науқаны аяқталуға жақын. Аймақта егiстiк алқаптардағы бидайдыӊ 80 пайызын бастырылып, 3,6 млн тонна астық қамбаға құйылды. Гектарынан 10,6 центнерден астық алып жатырмыз. Алдағы уақытта бұл көрсеткiш бұдан да жақсы болады деп үмiттенiп отырмыз. Қуантатыны, биыл бидай сапасыныӊ өте жоғары болып отырғаны",- дедi М. Мырзалин.

Көкшетау. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - 15 қыркүйекте Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин "Нұр Отан" партиясыныӊ сайлауалды бағдарламасында көрсетiлген мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында өӊiрге келген бiр топ ҚР Парламентi Мәжiлiсi депутаттарын қабылдады.

Кездесуде аймақ басшысы өӊiрдiӊ әлеуметтiк-экономикалық даму бағытында атқарылған жұмыстардыӊ 8 айлық көрсеткiштерiне тоқталып, орақ науқаныныӊ барысымен бөлiстi.

"Қазiр облыста күзгi жиын-терiм науқаны аяқталуға жақын. Аймақта егiстiк алқаптардағы бидайдыӊ 80 пайызын бастырылып, 3,6 млн тонна астық қамбаға құйылды. Гектарынан 10,6 центнерден астық алып жатырмыз. Алдағы уақытта бұл көрсеткiш бұдан да жақсы болады деп үмiттенiп отырмыз. Қуантатыны, биыл бидай сапасыныӊ өте жоғары болып отырғаны",- дедi М. Мырзалин.

Өз кезегiнде комиссия жетекшiсi, ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiӊ депутаты Айгүл Нұркина бүгiнгi делегация "Нұр Отан" партиясыныӊ сайлауалды бағдарламасы аясында айтылған мiндеттердi орындау мақсатында келгенiн айтты.

Бұл бағытта М. Мырзалин халық қалаулырамын бiрлесiп атарылған жұмыс осы саладағы қордаланған мәселелердi шешуге көмектесетiнiне сенiм бiлдiрдi.

Осы күнi Мәжiлiс депутаттары "Нұр Отан" партиясыныӊ сайлауалды бағдарламасында көрсетiлген "Халықтыӊ әл-жуаз тобын еӊбекпен қамтуда қолдау көрсету" бағытында атқарылған жұмыстарға арналған көшпелi мәжiлiс жиынына қатысып, облыс орталығындағы бiрқатар нысанды аралады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны