13.07.2017, 19:07 4194

Ақмола облысындағы шипажай орталығында Кенесары көшесі алғаш рет күрделі жөндеуден өткізіліп, абаттандырылуда

Бурабай кентініӊ орталық Кенесары көшесіндегі автокөлік жолын жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаны "Қазавтожол" Ұлттық компаниясыныӊ Ақмола облыстық филиалы жүзеге асыруда. Соӊғы рет осындай жөндеу жұмыстары 25 жылдан астам уақыт бұрын жүргізілген, - деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Көкшетау. 13 шілде. Kazakhstan Today - Бурабай кентініӊ орталық Кенесары көшесіндегі автокөлік жолын жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаны "Қазавтожол" Ұлттық компаниясыныӊ Ақмола облыстық филиалы жүзеге асыруда. Соӊғы рет осындай жөндеу жұмыстары 25 жылдан астам уақыт бұрын жүргізілген, - деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Бурабай ауданыныӊ әкімі баспасөз қызметініӊ ақпаратына сәйкес, бүгінгі күні құйма металл қоршаулар, көшені электрмен жарықтандыру бағандары тұрғызылып, аяқжолдар мен веложолдарға арнап брусчатка төсеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи автобус тұрақтары орнатылып, жолдыӊ асфальт жабыны төселді. Көшені күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдыӊ шілде айыныӊ аяғында тәмамдалады.

Сондай-ақ, биыл жазда бірнеше жаӊа балалар алаӊдары пайдалануға берілді. Оқжетпес ауылында, Бурабай кентініӊ тұрғын үй кешендерініӊ бірініӊ ауласында қалқалы орындықтар, теӊгерімді әткеншектер, құмсалғыштар, алтыбақандар, төбешіктер, турниктер, жаппа күркелер орнатылды. Балалар алаӊдары жарықтандырылды. Бұл жобалар жергілікті бюджеттен бөлінген 8 млн астам теӊгеге жүзеге асырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны